Қымбатты менің анашым, мен сізді өте жақсы көремін. Осы өмірге әкелгеніңіз үшін мен сізге қарыздармын. Өмір деген сондай ғажап. Осы ғажапты маған сыйлаған анама алғысым шексіз.......
Қыста аңдар қысқа ұйқыға кетеді. Аяқ астына қарасаң жерге аппақ кілем төселгендей. Қысқа күн суытады. Сондықтан қыста далаға шықпас бұрын қалың киіну керек. Қыста гүлдер қурап қалады.......
"Қазақстан" деген жалғыз ауыз сөздің құдіретін осы елде туып-өскен әрбір ұл-қыздарымыз сезінуі парыз. Бұл сөз бәріміздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі деп айтсам артық емес - деп ойлаймын.
Талай ер жүрек батырларымыз бен ару апаларымыз тәуелсіздікке жету жолында жанын қиып, еліміз ешкімге тәуелді болмауы үшін қорғап қалды.......
«Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға өзі үшін де жұмбақ. Қазіргі менің ұстанымым «әр адам – өз өмірінің суретшісі». Жастайымнан мінезім басқалардан ерекшеленетін, егер қаласам кез келген адамдармен тез тіл табысамын, бауырмалмын бірақ айтқанымнан қайтпайтын, 100 жерден дұрыс ......
Ана - Құдайдан кейінгі құдірет иесі. Дүйім дүниенің тұтқасын ұстап, күн нұрынан артық жылы шуақ шашпаса, кем түспесі анық. Жанарымен жалғанға жылу беріп, пенде атаулының барлығына жүрегіндегі жұмсақтықты арнап, аялы алақанына салып, бала аяғын жерге тигізбей жүрген де – ана емес пе?!......
Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда, болмысты да, болмасты да болады деп арманда, - деп ақын Мұқағали Мақатаев ағамыз да арман жайлы жырлаған. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген.......
Егер мен президент болсам дәл елбасы Нұрсұлтан Назарбаев секілді дара да, дана тұлға болар едім. Елбасы - халық үшін, ел үшін жаратылған Елбасына үлкен алғыс білдіремін. Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, паш етті. Бізге елбасы қашан жағдай жасайды деп күтпей, біз жастар ерінбей еңбек етіп, білімнің биік шыңдарына жетіп, жаңалықтар ашып, өркендеуіміз керек. Егер жастар талпынбаса, үлкендер қолдамаса......
«Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.......
Белгілі бір мемлекетті басқаратын, халықтың жағдайын жасайтын көшбасшылардың бірі әрі бірегейі президент болып табылады. Ел басқару кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс деп білемін. Себебі, ол үшін өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, мықты саясаткер болуың шарт.......
Жаршысындай ақ шағала, аппақ пейілімнің тілегі, үміт оты - қасиетті Рамазан айын сарыла күтіп жүргеніме, міне, біршама айдын жүзі болып қалыпты. Рамазан айы, сен менің түн жамылған тонаушыма айналдын. Иә, тонаушым. Себебі түннің жарымында сені ойлап, армандап "Қиял" атты үлкен сапарға жол тартамын.......