Бухгалтерлік есеп | ШОТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

КІРІСПЕ
Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз. Шаруашылық қызмет пен жоспарлы талсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б. нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті объектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау эқономиқалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, қейіннен оның өзгеруі (шаруашылық операциясы туғызған ұлғайту мен азайту) тіркелді. Бұл эқономиқалық біртеқті құралдар құралы мен олардын шығу қездерінің, шаруашьшық іс-әреқет процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын қез қелген сәтте анықтауға -мүмкіндік береді.
Шоттар баланспен байланысты. Активтің немесе МКМ-ың әрбір бабына сол атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерліқ есептің шоттары баланстық және операциялық болып бөлінеді. Операциялықтар қаражат айналымының қейбір фазаларына байланысты жекелеген немесе біртеқті шаруашылық процестерін есепке алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дебиторлық борыштар есебі түсуге тиісті шоттар алынған вексельдер

Осы курстық жұмысты жазу алдында мені кәсіпорындағы дебиторлық есеп өте қызықтырды, себебі бұл тақырыптың актуальділігі осы таңда өте жоғары. Кәсіпорынға тигізетін әсері зор, дебиторлық борыштарсыз кәсіпорын дамымайды.
Дебиторлық берешек -сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің (бизнес конрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді.Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.Саудалық дебитор берешегі-негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субьект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған девиденттер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субьектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субьектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі обьетивті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субьектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі

Кіріспе
Бүгінде Қазақстан мемлекеті нарықтық экономикаға өтіп, ел экономикасы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Экономиканың нарықтық қатынастарында банктер және олардың жүргізетін операциялары, өте жоғары орынды иеленді. Қазіргі таңда, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелірінің тиісті шоттарында сақтап, осы мекемелер арқылы өздерінің қаржылық операцияларын жүзеге асырады. Банк мекемелерінің жүргізетін операцияларының ішінде валюталық шот арқылы жүргізілетін валюталақ операциялар өте маңызды болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, есебі» деп аталады. Осы курстық жұмыста валюта жүйесі, валюта бағамы және валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін қарастырдым.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады: «Валюталық шоттағы ақшаларды есепке алу» және «Валюта жүйесі, валюта бағамы, олардың құқықтық реттеу».
«Валюталық шоттағы ақшалар қозғаласының есебі» деп аталатын бірінші бөлімде валюталық операцияларға түсініктеме беріп, олардың жүзеге асыру тәртібін қамтып, валюта шоттарындағы ақша қозғаласын бақылауды қарастырдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДАҒЫ ЕСЕБІ

Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды

Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.

Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.

Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.

Жаңалықтар
Толық

Депозиттік операциялар

1. Депозиттік операциялар түрлері
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін .....
Рефераттар
Толық