Экономика | Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)

1 Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)
Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
1. Жоғары дамыған елдер;
2. Дамушы елдер;
3. Даму жағынан артта қалған елдер.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті

"Шетелдегі қазақ балалары" атты көңіл толқытар бағдарламасымен көпшілікке танымал болған Жанар Бәйсемізова Колесникова 20 шілде күні 38 жасқа толған еді. Осы орайда журналист фейсбуктегі жеке парақшасына тұрмысқа шыққалы бергі жаңа өмірі туралы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Шетелде жүрген "қазақтың миын" ел игілігіне қалай жұмсаймыз?

Қазір шетелде оқып жатқан Қазақстан жастарының жалпы саны 70 мыңнан асып жығылады. Бұл – үлкен әлеует, ертең өз халқын алға жетелейтін алып күш. Ал осы күшті сақтап қалып, қазірдің өзінде ел игілігіне бағыттау үшін не істеу....
Жаңалықтар
Толық