Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. ....
Биотехнологияның арқасында көпдеген өнімдерге мүмкіндік алдық, жануарлардың жаңа түрін, асыл тұқымдылығы эмбриондар, реципиенттер және донорларға байланысты. Бірінің қанына бірі сәйкес келсе және де оны жаңа түр жасауға қабілетті болса, біз оны жаңа заман жетістігі бойынша әсерлесуге қоса аламыз. Биотехнологияының арқасында денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, одан да басқа өнеркәсіп өндірісі салаларында, халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету саласында көптеген мәселені шешіп беруі мүмкін. Сондықтанда биотехнология тәсілдері мен әдістерінің адамзат тіршілігінің неше түрлі қыр-сырына ендірілгеніне таңдануға болмайды. Оны малекулярлық зерттеулерден бастап ғарыш саласына дейін көрінуге болады ....
Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды. Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды. Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. ....
Күріштің бастапқы тұқым шаруашылығын оригинаторлар және аттесатталған тұқым шаруашылықтары жүргізеді. Олар жоғары репродукциялы және элита тұқымдарын өсіріп белгілі бір аймаққа сатады және күріш өндіретін шаруашылықтарға консалтингтік көмек көрсетеді. Масақты дақылдардың бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі толығымен қайталанады. Қазақстанда аудандастырылған күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Пак-Ли, Солнечный, Уз Рос 7-13, Уз РОС 59, Уш-Тобинский.
Өндірістік тұқым шаруашылығы аттестатталған тұқым шаруашылықтарында жүргізіледі. Олардың міндеттері: күріштің жоспарлы егістік көлеміне жеткілікті, сорттық және егістік көрсеткіштері жоғары тұқым өндіру. Жоғары сапалы тұқым өндіру жүйесі: - сұрыптау питомниктері; - тұқымдық питомниктер; - алдын ала көбейту питомниктері; - суперэлита, элита питомниктері; - бірінші, екінші және үшінші репродукция егістіктері.
Бірнеше қайтара сепкеннен кейін күріш тұқымының сапасы күрт төмендеп кетеді, сондықтан 3 жылда бір рет сорт жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Жаңа, элита немесе бірінші репродукциялық тұқымдар, көбею коэффициентін ескере отырып, барлық егілетін егістік аумағының 10%-на егіледі
Тұқымдық егістіктер агротехникасы. - алғы дақылдар: көп жылдық шөптер, екпелі сүрі жер, күріш егістігіне енгізілген жаңа жерлер. Тұқымдық егістіктер үшін тұзды жерлер мүлдем жарамсыз; - жоғары сапалы тұқым: 1-ші классқа (өнгіштігі 95%-дан жоғары) сорттық тазалығы 1-ші категорияға жататын; - себу мезгілі: жердің 3-5 см тереңдігі 14-160С қызған кезде - тұқымды себуге даярлау: себуге 3-5 күн қалғанда ауамен қыздырып өңдеу, себуге 2-3 апта қалғанда ауруларға қарсы химиялық өңдеу - себу мөлшері: сортқа байланысты 4,5-6,0 млн/га өнгіш дән. Элита көбейтілетін егістіктерге 4-5 млн/га өнгіш дән себіеді. Жақсы толысқан тұқымдар гектарына 3,0 млн мөлшерінде 30,0 см қатараралықпен себіледі. Күріштің тұқымдық егістіктері минералды қоректік заттармен толығынан қамтамасыз етілуі керек Өсіріп баптау технологиясы. А л ғ ы д а қ ы л. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық егуге болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл егуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бұршақ немесе беде егіледі. Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондағы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш. ....
Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі. Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен. Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан. Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың (1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай. ....
Жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжатты-келісімшарт дейміз. Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. Келісімшарттың құрама бөліктері: құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір-бірден екі түпнұсқада жасалады. • Келісімшарт мынандай жағдайларда жазылады: I. Нарықтық қатынастарға көшу өмірге еңбек қатынасының жаңа түрін (еңбек келісімін) толтыруды әкеледі. Еңбек келісімшартында заң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешудің тәртібі көрсетіледі. Кей кездерде мекемелерде арнаулы бір жұмыстарды атқаратын мамандар болмай қалады. Бұл істерді атқаруға белгілі уақытқа және арнайы ақы төленетіндігін көрсетіп, сырттан мамандар тартылады. Сондай кездерде еңбек шарты жасалады ....
Қазақстанда картоп тұқым жүйесі үш буыннан тұрады. Біріншісі, ғылыми мекемелердің биотехнология лабораторияларында, картоптың ең жоғары өсу нүктесі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия саңырауқұлақ ауруларынан таза, супер-супер элита тұқымын алу. Екіншісі, элита өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол облыстың барлық картоп өндіретін шаруашылықтарына сатып отырады. Үшіншісі, сол картоп өндіретін шаруашылықтың өзіне керекті тұқым өндіретін танаптары. Өндірістегі картоп тұқымының дер кезінде ауысып отыруын қадағалау үшін, ғылыми мекемелер жобалаған және ауьш шаруашылығы министрлігі бекіткен тұқым жүйесін іске асырып отыру Ғылыми негізделген мөлшер бойынша, жан басына 90 кг-нан шаққанда, Казақстанда бір жыдда 2300 мың тонна шамасында картоп өндіру керек. Орта есеппен жылына 200 мың га жерге картоп егілгенде, оған 800 мың тонна картоп тұқымы қажет. Қазақстандағы картоп тұқымы жүйесінде, тұқымын уақытында ауыстыру үшін 980 мың меристема өсімдігі, 14 мың тонна элита картобы керек. Осы жүйе бойынша азықтық картоп егілген танапқа, жыл сайын картоп тұқымының 4-репродукциясы егіліп отырады. Себебі, көп жылдық мәліметтер көрсеткендей, Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттарының 5-6 репродукциялары тұқымдық сапасын жоғалтып, өнімді өте аз береді. Вирус ауруларын асқыңцырмас үшін кейбір мемлекеттер (Голландия, Германия) азықтық картоп өсетін танапқа тұқымдық картоптың 2-ші репродукциясын пайдаланады. Ол үшін картоп өнімі өте жоғары және тұқым өндіру деңгейі сапалы болуы керек: Ауа-райы қолайлы, вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп тұқымын 4-5 жылда бір ауыстыруға болады. Қазақстанда калыптасқан тұқым өсіру жүйесі бойынша, картоп тұқымын 3-4 жылда бір ауыстыру тиімді. Қазақстанда картоп тұқымын өсіретін облыстар 3 топқа бөлінеді: 1-топқа тұқымдық жүйе толық ғылыми жолға қойылған. Биотехнологиялық лабораториялары бар, ауа-райы картоп өсімдігіне қолайлы облыстар: Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Казаақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Казақстан. 2-топ картоп тұқымын таулы жерде өсіретін Алматы облысы. 3-бұл топқа азықтық картопты өздері егу үшін тұқымды басқа облыстардан тасымалдайтын облыстар: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда Маңғыстау. Тұқымдық картоп өсіру мәселесі толық жүйеге қойылған облыстарда тұқым өндіру мынандай сатылардан тұрады: 1. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің лабораторияларында картопты биотехнологиялық әдіспен вирус, бактеря және саңырауқұлақ ауруларынан сауықгыру супер-суперэлита өсіру. 2. Элита өсіру және сапасын бақылау. 3. Азықтық картоп өндіретін шаруашылықтардың тұқымдық танаптары....
Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында бруцеллез ауруының пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды, олармен жоспарлы түрде /шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес/, курес жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық етеді. Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қыщмет салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданындағы Жалпактал аулының және оған қарасты мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда жыл сайын тіркеліп отыр. Сондықтан бруцеллезді болдырмау үшін аудандық аумақтақ басқармабар күшін салады....
Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде: С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. ....
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.» Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет. Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды. Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады. Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда қарастырылған.....