Тарих | ХII XIII ғасырдағы Моңғолдың тарихындағы Шыңғысханның билік құру кезеңі

Шыңғыс хан ХII – XIIIғғ Моңғол жерін біріктірген. Моңғолша аты Тимучин "Құрыш" деген мағынада. Әкесі Ясукай батыр.
Ясукай батыр құс аулап жүріп,олқыноуыт аймағынан әйел алып келе жатқан меркіттің Дәу Шіледу дегеніне кезігіп, Ясукай батыр үйіне шауып келіп, ағасы Негуін тәйжі мен бауыры Даридай – отшы екеуін ертіп алып, Дәу Шілеуді қуады.Үшеуі оның артынан қуып жете алмаған соң қайтады, жолда Уәлін Үжінді Ертіп алады. Ясукай батыр Уәлін үжінді үйіне алып келіп өзіне әйел етеді. Ясукай батыр татардың Темүжін-үкі,Қори-бұқа деген адамдарын ұстап әкелгенде, екіқабат Уәлін-үнжіннен Онынның Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс хаған туады, Шыңғыс хаған туғанда, оң қолымен асықтай қан шеңгелдей туылыпты. Татардың Темучин-үкісін ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темучин қойыпты. Ясукай батырдың Уәлін-үжіннен: Темучин, Қасар, Қашиун, Темугі деген төрт ұл бір қыз Темүлін туады. Ясукайдың екінші әйелі Сошигіл шешейден Бектұр мен Белгітеи деген екі бала туады. Ясукай батыр Темүжін Тоғызға келген кезде, Уәлін шешенің төркіні – Олқыноуыт елінен, нағашы жұртынан қыз іздейін деп,оны ертіп барады.Жолай Сексір мен Шікіркудің арасында отырған Қоңыраттың Дей шешенге кезігеді.Дей шешен Ясукайды үйіне ертіп барады. Дей шешеннің қызы Ясукай батырға ұнайды. Қыздың есімі –Бөрте екен Темүжіннен бір жас үлкен, онда екен. Ясукай бұл үйге бір қонып, баласын құданың үйіне қалдырады. Өзінің жетек атын құдалықтың белгісі етіп тастап кетеді. Өзі жолда Сексірдің сары даласында кетіп бара жатып, келін түсіріп той жасаған татарларға кезігіп, әбден шөлдегенсоң, бір үйге түседі.Татарлар Ясукай батыр ішкен сусынға у қосып береді. Ясукай ол жерден аттанып, жолда келе жатқанда қаты қиналып, үш күн дегенде әрең үйіне келеді.
Ясукай дауыстап: Менің ішім өртеніп барады. Менің қасымда кім бар? дегенде, Шырқа ақсақалдың баласы Меңлік: Мен бармын, дейді, Меңлігім менің сөзімді сен тыңда. Ұлымның қабырғасы қатпаған еді. Теміжүнімді қайныма тастап, Қайтып келе жатқанда, татарлар у берді, ішім өртеніп барады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бұрындық хан

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.

1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | БЮДЖЕТТІҢ МЕХАНИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

.Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау; ...
Рефераттар
Толық

Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді ....
Рефераттар
Толық

Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1837-1847жж Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде патша үкіметі Қазақстанға әкімшілік саяси жаңалықтар енгізуге кірісті. Оның Ресей империя сы құрамына әліде кіре қоймаған өлке аудандарын өзіне қосып алмақ мақсаты болды. 1822ж Сібір қазақтары туралы Устав далалық аудандарды басқару құрылымын түбірінен өзгертіп жіберді.Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді, ол бойынша қазақ қоғамы, округке,болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біріктіріп, осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды, 10-15 болыстан округ құрылды. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. Әкімшілік билігін үкімет сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет позициясының нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
Қарқаралы және Көкшетау округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздерінің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға қазақтарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан ол тек 1840ж қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен талап етуі арқасында ғана қайта оралды.
1840ж Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқада жақындары қаза тапты. Патша үкіметінің отаршылдық мақсат ниетіне қарсы өзінің күресінде Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның үміті ақталмады. ....
Рефераттар
Толық

География | БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ

Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:
- эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;
- эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді;
- факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін;
- триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.
Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады.
Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды.
Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген.
Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау.....
Рефераттар
Толық

Абылай хан – аңызға айналған тұлға

Биыл Абылай ханның туғанына - 300 жыл! Қанша уақыт өйтсе де, қазақ халқының жадына Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі -беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».......
Шығармалар
Толық