Чипстегі үлкен қауіп
Әр күні миллиондаған адамның жеген чипстері өздеріне қауіп төндіруде. Тіпті кейбір ұйымдар темекідегі секілді чипс қораптарының сыртына да денсаулыққа зиянды деген ескертулер жазылу керектігін ұсынуда. «Чипс жеудің, май ішуден айырмашылығы жоқ.» деген мамандар, қатерлі ісіктен бастап салмақ қосуға, қант диабетінен бедеулікке және паркинсон аурымен қатар бірнеше ауруларға себеп болатынын білдіруде. Құрамында 10 пайыз мөлшерде май және 3 пайыз мөлшерде транс майы бар чипстерден күніне 35 грамдық бір пакет чипс жейтін адам, 1 жылда 5 литр май ішкен болады. Әлемдегі көптеген қоғамдық ұйымдар, университеттер, қорлар чипстің зияндарын айтып түсіндірсе де, чипс жейтіндердің саны жыл сайын арта түсуде. Чипстің құрамындағы майдан басқа тұздың болуы одан да үлкен қауіп төндіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Американың азық-түлік ұйымының айтуы бойынша, әр бір ересек баланың күніне ең көп дегенде 6 грамм тұз және 65 грамм май жеуі керек. Күніне 2 пакет чипс жейтін адам бұл мөлшерлерден артық жеген болады. Шамадан тыс желінген май және тұз, холестерин, миокард инфаркті және паралич сияқты қауіпті ауруларға жол ашады. ......
Кеңестер