Жұмағали Маханов Паринбекұлы (1962 жылы)

Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері.
1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді.
1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Өмірбаяндар (биография)
Толық