Айнұр Ілиясова Асхатқызы (1986 жылы)

Айнұр Асхатқызы Ілиясова 1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Өскемен қаласында өткен. О. Бөкей атындағы №44 мектепті тәмамдаған. Одан соң Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер және энергетика» фаультетінде білім алған. Университет бітірген соң, Айнұр Жамбыл атындағы облыстық Шығыс Қазақстан театрынан жұмысқа шақырту алады. Сол жылы ол Б.Бейшеналиев атындағы өнер инстутитутының «Театр және кино актері» мамандығына түсіп, сырттай оқып шығады.

2010 жылы Алматыға келген ол көптеген жобалар мен сериалдарға түскен: “Побег
из аула”, “Парыз”, “Бажалар”, “Сырғалым”,”Сырғалым
2″, сондай-ақ толықметражды “Келинка Сабина ” фильмі. Жобалар
мен бағдарламалар: «Әзіл-кеш», «Сол жылдар», «KZландия», «Ду-думан».

Отандық актриса Айнұр Ілясова екі ай бұрын тұрмысқа шығып, қазір нағыз отбасылық өмірдің қызығына кенеліп жатыр. «Ол өте қызық жігіт, өте ақылды, оның ер адам ретінде маған көңіл бөлгені мені қызықтырады. Ол шығармашылық адамы емес, сондықтан шығар жарнаманы ұнатпайды. Біз-бір-бірімізді өте қатты сүйеміз және түсінісеміз. Өмірді, адамдарды, айналасын бағалай алатын екі адам кездесіп, табысты деп айта аламын. Біз мұның бәрінен өттік», - дейді Айнұр.
Әрбір тұрмыстағы әйелдер сияқты, Айнұрдың да енді үй шаруалары көбейді. Онымен қатар сүйген жарын түрлі дәмді тағамдармен еркелетіп отыру да керек. Қуанышқа орай, Айнұр ас үйдің қыр-сырын жақсы біледі. Өзім өскен отбасында ерекше бір тамақтану дәстүрі болды деп айта алмаймын. Әдеттегідей, таңертең тұрғаннан кейін таңғы асымызды ішеміз. Одан кейін түскі ас, кешкі ас. Бәрі де ел қатарлы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық