Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалардың ерекшеліктерін талқылау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша көзқарасын (келісу/келіспеу себебін )/ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып білдіру Сабақ мақсаттары: Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіреді.......
«Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады»(ҚР АК 33-бабы). Заңды тұлғалардың жоғарыда аталған белгілерін қарастырсақ. Оқшау мүлік – шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай – ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті – бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымдық құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады. Заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. ....
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олар жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғалардың түрлері 1.Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын көтеруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы экономиканы мемлекеттік басқару құралы ретіндегі құқықтың ролінің кеңейе түсуімен сабақтасады. Бірақ, құқық өзінің реттеуші функциясын тек мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде салықтық қызмет саласында да, талаптары қатаң сақталынғанда ғана тиімді атқара алады. Мемлекеттің салықтық қызметі мемлекеттің кірістерін салық төлеушілер есебінен қалыптастыруға бағытталған. Себебі, мемлекеттің бюджетінің негізгі бөлігі салықтардан, басқа да міндетті төлемдерден қалыптасады. Сондықтан, салық заңдары заңды тұлғалармен жеке тұлғалар төлейтін салықтардың біршама бөлігін бекіткен. Тарихтағы салықтық саясатқа көз жүгіртетін болсақ, салықтардың көп алынуы мемлекеттің қазынаны тиімді түрде толықтыруды қамтамасыз етпейді. Оған әсер ететін бірнеше факторлар бар. Мысалға алатын болсақ, салық төлеушілермен мемлекеттің мүдделерінің балансының бұзылуы, салықтардың түрлерінің көптігі, салық ставкілерінің көптігі, салық заңдарының тұрақсыздығы, салық төлеушілердің салық заңдарын жетік білмеушілері, т.б.....
Кіріспе Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. ....
Кіріспе Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру.....
Жеке тұлғаларды несиелеудің қоғамдағы әлеуметтік ролі аса жоғары. Ол жеке адамның тұрмыстық проблемаларын шешуге және әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің жақсаруына жағдай жасайды. Қоғам мүшесінің тұрмыстық жағдайының жақсаруы ұлттың саналық дамуына әкеліп, халықтың еңбек етуге деген қабілеті мен ынтасын арттырады. Ал еңбек ету - сананың тазаруы мен денсаулықтың кепілі. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы әрбір азамат, отбасы қоғамдағы оң өзгерістерге, ұлттың дамуына өз үлесін қосады. Жеке тұлғаларды несиелеуді дамытудың өзектілігі мен ролі осыдан көрініс табады. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеудің қарқынды дамуы 2005 жылдан басталды. Оған экономиканың дамуы, халықтың табысының өсуі, жұмыссыздықтың азаюы; коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының жылдан-жылға көбеюі және тұтыным несиелері нарығын игеруге бағытталуы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен соған сәйкес әлеуметтік реформаларды тереңдету жұмыстары; тұрғын үй құрылысы саясатын жүзеге асыру шаралары зор ықпалын тигізді. Қоғамдағы оң өзгерістерді тез сезінген коммерциялық банктер де өздерінің несиелік саясатын тұтыным несиелерінің көлемін ұлғайтуға және оларды әртараптандыруға/диверсификациялауға бағыттай бастады. Тұтыным несиелерінің құрылымы жақсарып, шарттары біршама жеңілдетілді. Тұтыным несиелері нарығында Халық Банкі АҚ, Тұранәлембанкі АҚ, Центркредитбанкі АҚ, Каспийбанкі АҚ, Альянсбанк АҚ, Сауда-қаржы банкі АҚ-дары белсене қызмет көрсете бастады. Соның нәтижесінде банктердің халыққа берген тұтыным несиелерінің көлемі күрт өсті. Оның көлемі 2004 жылы 83,8 млрд теңгені құраса, 2007 жылы 304,4 млрд теңгені құрап, 3 жыл ішінде 3,6 есеге артты. Тұтыным несиелерінің ішінде тұтыным тауарларын сатып алуға берілген несиелердің үлес салмағы 3 жыл ішінде 46,4%-тен 65,5%-ке дейін өсті. Коммерциялық банктердің Қызылорда облыстық филиалдарынан жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 2007 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып, жылдың соңында 4,1 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғаларды несиелеуді дамытудың перспективасы өте жоғары. Қазақстан 2005 жылдан бастап қоғамның адамзаттық дамуы мен әрбір мүшесінің мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Бұл қоғамның келешек дамуындағы оң өзгерістерге бастайтын игіліктердің арқауы болатыны анық. Диплом жұмысының мақсаты – жеке тұлғаларды несиелеудің әлеуметтік-экономикалық маңызын, жеке тұлғаларға берілетін тұтыным несиелерінің мәні мен ереешеліктерін, жеке тұлғаларды нсиелеудің шетелдік үлгілерін теориялық тұрғыдан зерттеу және тұтыным несиелерінің Қазақстандағы даму жағдайына нақты мәліметтердің негізінде талдау жүргізу, қорытынд ....
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. ....
Менің курыстық жұмысымның тақырыбы заңды тұлғалардың салықтары, яғни жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы . Яғни жанама салықтар дегеніміз қосылған құн салығы мен акциз салықтары. Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. ....