1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. ....
1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады. «Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді. Дара адам - «homo sapiens» тектілердің өкілі,адамдық даму нышандарының иесі-нақты адам ....
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.» Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.....
Жарақат — сыртқы себептердің әсерінен туын-дайтын аяқ-қолдың іііығуы мен сынуы, ет ткандерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет ткандерінің түтастығы мен қызметінің бүзылуы. Жарақат алу әсері мехаиика-лық, химиялық (рентген сәулелері, радиоактивтік сәуле, электр жарығы, психикалық шошыну, қорқу) болуы мүмкін. Бшіаларда ең көп кездесетін зақьшдану механикалық әсер етуден (ауыртып глу, соғып аиу, сыну, шығып кегуден) туъшдайды. Шектелген бір уақыт аралығьгада пайда болған түрғындардың белгілі бір тобындағы жарақат жиын-тығын жарақатгану деп атайды^ Оны түрмыстық, спорттық, көшелік, көлікте жарақаттану деп бөледі жөне бүлар кіші жастағы балаларда жиі кездеседі. ....
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес. ....
Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған “Оғызнаме”, “Қорқыт ата кітабы”, ноғайлы дәуіріне жататын “Қоблынды батыр”, “Ер Тарғын” эпостары”, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай батыр, Амангелді батыр да, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа қарсы күрескен Кенесары, Сырым, Исатай батырларға арналған дастандар сияқты мол қазынамыз бар. Бірақ осы кезге дейін батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні дұрыс түсіндірілмей келеді. Адамзат қауымы қоғам, ел, мемлекет болып қалыптасқаннан бастап жаңа заманға, азаматтық қоғамға дейін, барлық халықтарда қоғамның негізін, үш үлкен әлеуметтік жіктер құрап келді. Олар - қоғамның негізгі қажеттіктерінен туындаған және сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет ететін, қоғамдық еңбек бөлісі барысында қалыптасқан кәсіби әскерилер әлеуметтік жігі (“әскери сословие”), дін қызметшілері (“діни сословие”) және түрлі еңбек иелері, яғни саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар және т.б., Еуропада бұл “үшінші сословие” деп аталды ....
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерінің, электролиз құбылысының, радиоактивтіктің ашылуы атом құрылы-сының күрделі екенін және оның құрамына электрондар кіретінін көрсетті. Электрон заряды теріс, массасы протон массасының 1/1840 бөлігіне тең бөлшек. Атом электронейтрал бөлшек бол-ғандықтан электрондардың теріс зарядтарын нейтралдап тұратын атом құрамына кіретін оң зарядтар болуға тиіс. Атом қүрамына оң зарядты бөлшектер кіретінін 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд тәжірибе арқылы дәлелдеді Орасан көп атомдар арқылы өткен сәулелердің тек кейбіреулёрі ғана бағытын өзгертеді. Бұдан атомның құрамындағы оң зарядтар шоғырлапған белшектің көлемі өте кіщкентай екенін байқауға болады. Осы тәжірибе негізінде Э. Резерфорд атомның планетарлық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша атомның ортасында оң. зарядталған ядро болады, оны электрондар орбиталар бойынша айналып жүреді. Атом электро нейтрал болғандықтан ядродағы оң зарядтардың саны, оны айналып жүрген электрондар зарядтарының са-нына тең. Электрондар массасы өте аз шама болғандықтан, атомның барлық массасы ядроға шоғырланған. Ядроның көлемі атомға қарағанда өте кішкентайЖгер атом, ядро, электрон шар тәрізді десек, атомның диаметрі 1010 м, ал ядроның диаметрі 10~15 м болады, яғни ядро атомынан 100 000 есе кіші болады. Бұдан былайғы зерттеулер ядродағы оң зарядтардың саны Д.М. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік номеріне тең екенін керсетті. ....
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады. Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады. Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы. Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.....
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректі заттардың күрделі қысылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын, айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы. Организм әр түрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отыруы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар (белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректі заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады. Ас қорыту мәні осында. Жоғарғы сатыдағы жануарлапрдың ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғаты байланысты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан. 1. Торшалық ас қорыту Ол түрлі тығыз немесе сұйық заттарды торша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестеріне негізделген. Демек, фагоцитоз және пиноцитоз құбылыстары осы торшалық ас қорытудың көрінісі. Ас қорытудың бұл түрі бір торшалы қарапайым жануарларға тән. 2. Торшадан тыс ас қорыту. Көптеген қоректік заттар молекуласының мөлшері торшалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен келеді. сондықтан оларды ыдырату процестері маманданған торшалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі қуыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді. Қуыстық ас қорыту қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әрекетімен атқарылады. Мембраналық ас қорыту торшалардың сыртқы бетінде, олардың қабығына (мембранасына) тұтылған, немесе сол мембрананың құрамына енген ферменттердің әсерімен жүреді. Аталған ферменттер тек қана торша бетімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер ететін. Сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы, беткейлік ас қорыту деп те атайды. 3. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың органитзмнен тыс ыдырауымен сиптталады. Ас қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер торына түскен жәндіктерге өздерінің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қоректенеді. 4. Ұжымдық ас қорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларды ас қорыту процесі бірнеше индивидтің қатысуымен жүреді, сондықтан олардың илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдері ұзақ тіршілік ете алмайды. Ас қорыту органдарының негізгі қызметі – қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларға ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы азық құрамындағы белоктар – амин қышқылдарына, майлар – глицерин май қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ған денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.....