Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері. Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі. Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді. ....
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді: 1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру. ....
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады. Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз. Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді. ....
Валюта дегеніміз - бұл айырбасқа түсетін әркімге ортақ эквивалент болып табылады. Валютаның бірнеше мағынасы бар, бұл біріншіден, бір елдің ақша бірлігі; екіншіден, шет ел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу және төлем құралдары. Әр елдің өзіне тән ортақ валютасы бар, валютаның көтерілуі немесе төмендеуі мемлекеттің күрделі проблемаларына әкеліп соғады. Осыған орай валюта мемлекетте үлкен роль атқарады. Мысалы, біздің валютамыз – тенге болып табылады, яғни, ол мемлекет үшін теңгенің көбеюі ақшаның құнсыздануын көрсетеді. Ақшаның құнсыздануы деген, инфляцияға әкеліп соғады. Жоғары да айтып кеткендей валютаның екінші түрі шет ел мемлекеттерінің ақша бірлігі, егер біздің елдің валютасы әлемдік нарықта белгілі бір рөлі болу, маңызды роль атқарады. Қысқаша, валюталық бағамы болу керек. Ал үшіншіден кез-келген елде оңай айырбасқа түсе алу керек. Менің ойымша, егер дүниежүзінде ортақ валюта болса оңайға түсер еді. Өйткені ешқандай айырбастыңда,қиындықта болмас еді. Әр мемлекет бір-біріне қолындағы валютасымен еркін түрде кіріп, шыға алар еді. Әрине, бірақ бұның да көптеген дұрыста, бұрыс жақтары бар. Дегенмен де әр елдің валютасы өзіне ыңғайлы сондықтан, әр бір елдің валютасы өз бетінше дамып, дүниежүзілік нарықта танымал болып, статусы жоғарлай берсін. ....
Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық. СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары: Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Бір береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қортынды туралы. Седеді, қандай бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге қуқылы. Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексереу немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуіменоның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады. ....
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі. Қоғамдағы соңғы жылдарда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Бұнда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары және бағалы қағаздар нарығының даму жолдары қарастырылған.....
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін. Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі. ....
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты. Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады. Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз – бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады. Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам – бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам – бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады” деген де ойлардың кездесетінін айту орынды. ....
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі. Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.....
Басқару - шешім қабылдау процесі. Қабылданған шешімдер қойылған мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Сондықтан да басқарушы өзінің мақсаттарын анықтаулары және олар нақтылы тұжырымдалуы қажет. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес. Шаруашылық практикасы көрсеткеніндей, басқару жүйесін жетілдіру, оның жалпы теориялық мәселелерін дамыту рынок экономикасында бірден-бір тиімді жол болып табылады. Сондықтан да басқару жүйесінің деңгейін жаңа сапаға көтеру теориялық және практикалық жұмыстарда басты орын алады. Барлық басқару жұмыстарын қайтадан құру болмаса, жетілдіру эконо-микалық дамудың жаңа ырғағын алып келуге септігін тигізеді. Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына көшу барысында қолымыздағы бар экономикалық мүмкінішліктерді пайдалана отырып, жаңа өндіріс қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Рынок экономикасына сай басқару жүйесінің қалыптасуы өндіргіш күштер мен жаңа өндіріс қатынастарынан туатын объективтік заңдылықтарға негізделген. Басқарудың шешуші проблемаларының бірі — оның ықпалын рынок экономикасының тиімділігін арттыруға пайдалану, рынок механизмдерінің үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз етуі. Басқарудың барлық жүйесі мен оның негізгі буындары экономиканың барлық деңгейлерінде мүдделілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, ресурстарды үнемдеуге, олардың шығындарын азайтуға мүдделілікті күшейтуге жағдай туады. ....