Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева кезекті ашық фотосын жариялаймын деп халық қаһарына ұшырады. Желі қолданушыларына әнші арудың қасиетті Рамазан айында төстартқышсыз суретке түскен ұнамай қалған деп жазады NUR.KZ.
Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында ашық образымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Бұған дейін де сексуалды фотоларын көпшілік назарына ұсынып келген сылқымды бұл жолы бұрынғыдан да қатаң сынап тастаған.
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сүйіктісімен түскен кезекті фотосын жариялап, желіде қызу талқыға қалды. Ғашығымен құшақтасып тұрған әнші жанкүйерлерін тағы бір мәрте қызықтырып қойды. Желідегілер өнер иесі жақында екінші рет тұрмысқа шығатынын болжауда деп жазады NUR.KZ .
Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін енді жасырын ұстағысы келмейтін көрінеді. Эстрада жұлдызының Instagram парақшасында белгісіз азаматпен түскен суреттері жиі шыға бастады. .....
КІРІСПЕ Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады. Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Негізінен қандай да бір ұлттың тіліндегі түр-түс атаулары сол ұлттың тіл байлығы ретінде қарастырылады. Себебі, басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде түстердің барлығы тек өзінің негізгі мағынасында ғана қолданылмай, қосалқы бір жасырын мағынасында да жұмсалуы мүмкін. Бұлар қандай да бір халықтың материалдық-рухани мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы, наным-сенімдері жайлы ақпарат бере алады. «Қара» түс, керісінше. қара қоңыр, қара қошқыл, қара торы, шойын қара т.б. осы сияқты қараңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді. Басқаша айтқанда, «ақ» және «қара» түстері бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден «ақ» және «қара» түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғи-қоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты «ақ» және «қара» атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді.....
Бұл дәптер әуелде оқылған кітапқа пікір жазып отыру үшін арналған еді. Бұл - мектепті енді бітірген жылы болатын.
"Кітап оқылғаннан кейін туған ойлар" деп ат қойылып, кейін жалғаспай қалған дәптерге Рамазан Тоқтаровтың 1985 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Сусамыр" романына, ноғай жазушысы Сүйін Қапаевтың 1983 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Тазасу толғауы" повестер мен әңгімелеріне, Төлек Тілеухановтың "Жазушы" баспасынан 1975 жылы шыққан "Өзгенің бақыты үшін" повесіне, Қалмұқан Исабаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Өткелде" романына, Әбіш Кекілбаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Бір уыс топырақ" роман және повестеріне, Ерсін Қойбағаровтың "Жалын" баспасынан 1984 жылы шыққан "Қараша" .....
Көрген түсін жорытып, оның орындалуын тағатсыздана күтетіндер бар. Ырымшыл біздер үшін бұл жағдай таңсық емес. Керісінше, көрген түсін елеусіз қалдырып, бүгінгімен өмір сүретін адамдар да аз емес. Төмендегі бірнеше мысал "түс - түлкінің боғы" екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдейді. Егер түсіңізде небір оқиғалардың куəсі болып, өңіңізде өз көзіңізге өзіңіз сенбей жүрсеңіз, нақты салдарын мақаладан біле аласыз.
Адам ұйықтаған кезде ми жасушаларының барлығы дерлік "ұйқыға" кете қоймайды, кейбір бөлімдері қызу жұмыс істейді. Осы бөліктер арқылы біз бұрын көрген, естіген, дәмін татқан заттардың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Əрі ұйқыдағы адамның миы жартылай тежелуге ұшырайтындықтан, ойлау дəрежесі төмендеп, түсте небір ақылға сыйымсыз образдар бейнеленеді.
Адамның күндіз басынан кешкен оқиғалары, тілегі мен арманы, өзгелермен қарым-қатынасы, күнделікті қызметі сынды əрекеттер түс көруге бірден-бір себеп. Физиологиялық тұрғыда ми жасушаларына кез келген қимыл-қозғалыс (ағаш жапырағының сылдыры, қоңырау сыңғыры, əтештің шақырғаны, есіктің ашылғаны), тіпті ұялы телефондағы вибрация да əсер етеді. Ағзаңызда (жүрек, асқазан) жайсыздықтың орын алуы да түсіңізге қай-қайдағы "кереметтерді" кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне салмақ түссе, кенеттен қатты соға бастайды. Түсіңізде біреумен төбелесіп, яки қашып жүрсеңіз немесе ақшаңызды жоғалтып сабылуыңыз да жүрек соғысының əсерінен екен. Сол себепті, "өңімде ақшам жоғалады-ау" деп қорқудың еш қажеті жоқ.
Өмірде естімеген, көрмеген дүниелердің түске кірмейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: туғаннан көру қабілетінен айырылған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, есесіне иіс, есту, дəм арқылы қабылданған нәрселері енетін көрінеді.
Қатты шаршап, қалғып кеткенде, жартастан немесе биіктен құлап бара жатқандай күй кешіп, өздігіңізден шошып оянатын кездер де болады. Себебі, адам клиникалық өлімге ұшырап кетуі ықтимал болса, мидан сигнал беріледі. Сол кезде қорқынышты түс көргендей шошып оянып, қайтадан тəтті ұйқыға кетесіз. Осындай жағдай жиі қайталанса, "періштем қақты" деп есептеңіз.
"Иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді". Түсіңіз шынайы өмірде орындалып, қуанышқа кенелуіңіз, яки орындалмай арманда кетуіңіз де ғажап емес. Сол себепті шынайы ғұмыр кешейік!