Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құрығын тірсегінен шорт кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, аққұлақ.....
Кілем түсті кең даланы қақ жарып, көк табан темір жол жатыр. Жол бойында егіні жайқалып, малы қаптап колхозды көп ел отыр. Елден шыға топ-топ киік орғып барады. Елден жоғары самолеттер самғап барады. Біз поезбен зымырап келеміз. Сарыарқаның жазығы жеткізер емес, поезд жетпей қояр емес. Кешеден бері салғыласа.....
Жүріп кетудің сәті де түсе қалды. Қызыл отауға үшінші түнеудің кешіне, Еркіннің түзетуге берген тарантасы кеп қалды. Қостанайға дейін қажымай апаратын пар ат та даяр болды. Сол күні кешке Әсия.....
Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалады да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам.......
Қайран Құлагер. Ақан серіні бес жыл асқақтатып, әбден толықсып, тоғыз жасында қапыда мерт болды.
Бұл қайғылы астан бұрын Ақан серінің мәртебесін аспандатқан ғаламат ас — Құлагерге қылқұйрық тұқымының ең асылы пар келмеген Аққошқар-Сайдалының асы болмады ма, Алтай елінде. Сол аста.......
Өзендер сияқты таулардың да аттары бар. Түрлері қандай болса, бұлардың аттары да сондай. Құсмұрынның мұрны қораздың тұмсығына ұқсас. Біздің ауылға жақын таудың аты — Қарабура. Оның өзі ашуланшақ жалбыр шуда қара бура сияқты. Екі өркеші дәу Қарабура мойнын созып, Айнабұлақтан су ішіп тұр. Тайменденің.....
Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында Ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт......
Ауылдың көлік ағытқан жері, өткен жыл, мекенін переселенге өлшеп, үйлерін көктемде көшірген ауылдың жұрты еді. Сол жұрттағы қалың бұйра талдың арасында құдық барын Баймырза біледі.
Ол қарына шелек іліп, өгізін жетектеп жөнелді. Бұл кезде....
Көкем екеуміз көл жағалап кеттік. Үндемей ғана жағалап келеміз. Көкем: «Сөйлеме, жөтелме» – деп ескерткен. Бір рет түшкіргенім болмаса, жөтелгенім жоқ. Дөңмаңдай мен қоңыр......