Шілдехана бесік тойы

Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Құттықтау, тілектер
Толық

Тойда бата беру, үйлену той батасы

  Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием....... 

Баталар
Толық

Қызыма, қызға туған күнге әдемі тілектер

 Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен...... 

Құттықтау, тілектер
Толық

Тілек тілеу дұғасының әдеттері

1. Дәретті болу, яғни таза болу.
2. Дұғаны жасағанда әуелі Аллаға мақтау айтып бастау.
3. Тілекті үш қайтарадан айту.
4. Құбылаға бет қарату.
5. Екі қолды көтеріп,алақан жайып тілеу.
6. Орташа дауыспен дұға ету.
7. Дұғаны Пайғамбарға салауат....
Кеңестер
Толық

Ұстаздар күні, мұғалімдер күні құтты болсын

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім-нұрға билетіп.
Жүрсің-дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке....

Құттықтау, тілектер
Толық

Мектеп бітіруші түлектерге тілек | 11 сынып, 9 сынып

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған....

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күнге тілектер орысша - қазақша

Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!

Динара, туған күнің құтты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!

* * * * *


Динара, с днем рождения поздравляем!
Пусть будет много радостных и веселых дней!
Пусть всегда будет небо открытым
Пусть дела пойдут в гору, а здоровье будет крепким!

Құттықтау, тілектер
Толық

Құдалық, құда, құдағи

Құрметті құда...., құдағи....!
Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!
Құттықтау, тілектер
Толық