Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі. Оүңтүстік Шығыс Азиядағы орналасқан Бирма мемлекеті бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алады.Себебі бұл мемлекет кезінде көптеген қиыншылықтар кездесті. Алғашқы кезде мұнда көрші алып Қытай мемлекетімен талай жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. XVI ғасырда Португалдықтар кейін ғаламдықтар келк бастады.Португалдық Бриту XVII ғасырдың басында Сирианда мемлекет құрды. XVII ғасырдың I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны астана жасады. XVII ғасырдың 40 жылдары Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін ⁿқұлатты. Бирма Мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен Француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 жылы конбаундар әулетін құрушы Бирманың ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады. Мінекей, Бирманың кішкене болсын тарихын келтіре тұра мен тақырыптың өзектілігін осыдан туу керек деймін ....
КІРІСПЕ Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін. Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: • Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау. • Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу. • Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау. • Антагонистік қасиеттерін анықтау. 1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1]. Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді. Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....
Кіріспе Көлік- халық шаруашылығының ірі және маңызды саласы, адам еңбегінің ірі саласының қосымшасы, ғылым мен техниканың жаңа нәтижелерін пайдалануының кең аймағы, тығыз байланыста болуы қажетті бөліктер мен бөлімшелердің ауқымдалған динамикалық жүйесі. Халық шаруашылығының осы күрделі саласында магистралды көліктің әр түрлі түрлері, және де қалалық және өнеркәсіптік көліктер де өзара тығыз байланыста. Әкімшілікті- шаруашылықтың өзіндігіне қарамастан көліктердің барлық түрлері бір- біріне өзара тәуелді екені анық және өз жұмыстарының нәтижелері мен процесіне айтарлықтай өзара әсер етеді. Көліктердің барлық түрлерінің тағайындалу бірлігі, және де олардың арасындағы тығыз өзара тәуелділік оларды функциялануы анықталған объективті заңды шектеулермен шартталған мемлекеттің біріккен көлікті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан еш бөлінбейді. Адамның физикалық өмір сүруі үшін көліктің атқаратын орны, яғни маңызы зор деп айтуға болады. Құралдар мен заттардың тіпті адамның өзін де ауыстырымсыз қолдану өнімдерін шығару да, басқа да мақсаттардағы қызметтер мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады. Құл иеленушілік дәуірінде де көлік заттарының өркендеуі мен кеңеюіне жаңа социалисті- экономикалық ынталандырулар пайда болды. Өнімді егін шаруашылығы, үй жануарларының санын көбейту, жаңадан тиімді қарулар жасалына бастаған металдарды алу мен өңдеу тәсілдерін ашу, өнімділіктің ұлғаюына және бір уақыттағы еңбектің қоғамдық бөлінуіне көп ықпал етті. Көлік күшті даму импульсіне айырбастаудың пайда болу нәтижесінде жетті. Құрлық көлігінің дамуының келесі қадамы жасанды жер үсті жолдарының пайда болуы болды. Феодализм материалды өндірістің дамуына, және көлік үшін де жаңа ыңғайлар берді. Өндірістік күштердің өсуімен қатар еңбекті қоғамдық бөлу де күшейді, және анықталған кезеңде қала- бекіністерінің, қала- орталықтарының орнына билеушілер мен әкімшіліктер қалаларды - өнер мен сауда орталықтарын өсіре бастады. Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV — XVIғ.ғ. жаңа сауда жолдары мен жаңа елдердің ашылуымен жылдамдатыла түсті. Бұл кезең (ұлы географиялық ашылымдар кезеңі) Африканың, Азия және Американың отарлануының басы болды. Ф. Энгельс «өнеркәсіптік революция» деп атаған Англиядан кейінгі Еуропаның көптеген елдері XVIII ғ. екінші жартысын қамтыған техникалық түбегейлі өзгерістің өндіріс пен сауданың жедел өсу қарқынына, әсіресе машиналардың көмегімен машиналардың өзін өндіру игерілгенде үлкен әсері болды. Феодалдық кезеңнен мұра ретінде жеткен желкенді кеме және де керуендер мен арбалар түріндегі көліктер машина өндірісінің қажеттіліктерін қамтамасыздандыра алмайтын болды. К. Маркс былай деп жазған: «мануфактуралық кезеңнен мұраланған байланыс пен көлік құралдары жақында ірі өнеркәсіп үшін төзімсіз бұғауға айналды». Сондықтан өнеркәсіппен бірге жаңа техникалық негізде еөлік те қарқынды дами бастады. Бұл негіз болып кез- келген қуаттағы және ауа- райына тәуелсіз өзі қозғалатын көліктік бірлікті жасап шығаруға ықпал еткен бу машинасы болып табылды. Сөйтіп, алғашқы кемелер, паровоздар, құрлықта жүретін бумен жүретін экипаждар, біршама кейінірек бумен ұшатын ұшақтар да пайда болды. Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді. Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес. 1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ 1.1. Жалпы мемлекеттiк көлiктiк жүйенiнiн жiктеу негiздерi. Капиталистік қоғамның заңдарын зерттей отырып К. Маркс өз еңбектерінде көліктің экономика үшін мағынасын ашқан және адами қызмет саласы ретінде көліктің маңызды сипаттамалық жақтарын ашып көрсеткен. В «Қосымша құн теориясы» еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: «Шығарушы өнеркәсіп пен басқа жер өңдеуден басқа материалды өндірістің өз дамуында өндірістің мануфактуралы, машиналы және кәсіптік сияқты түрлі баспалдақтарынан өтетін төртінші ортасы болады. Бұл адамдарды немесе тауарларды тасыса да, тасымаса да- көліктік өнеркәсіп болып». [1] Мұнда көлік өзі материалды құндылықтарды құрмаса да материалды өндірістің саласы болып аталғанын ескеру қажет. К. Маркс көлікті өндірістің материалды салаларына неліктен жатқызғанын түсіну үшін, «Капитал» атты тиянақты еңбегіне сүйену керек, онда былай деп айтылған: «Өндірістің кез- келген процесінде еңбек затының орын ауыстыруы негізгі роль атқарады және ол үшін жұмыс күші де қажетті, мысалы, мақта дайындау бөлімінен жіп иіру кәсіпорынына ауысады, көмір шахтадан тауға көтеріледі». Негізі бойынша мұнда көліксіз ешқандай да өндіріс мүмкін еместігі, көлік өндірістің өзінің органикалық элементі болып табылатыны нақты көрсетілген және сондықтан оны өндірістен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұл өндіріс ішілік функциядан басқа, көлік басқасын да орындайды, ол туралы К. Маркс былай деп жазады: «Өнімді өндіріс орнынан басқа орынға тасымалдаудан кейін дайын өнімдерді өндіріс аймағынан тұтыну аймағына тасымалдау керек болады. Қашан осы тасымалдау аяқталғанда ғана өнім тұтынуға дайын болады». [1] Басқаша айтқанда, егер көлік өнімді өндіріс аумағынан көрсетілген тұтыну аумағына көшіруді қамтамасыздандырмаса, бұл өнім өндірісінің болмағанымен тең немесе ондағы талап қанағаттандырылмайды. Сонымен, көлікке материалды өндірістің кез- келген саласына сай келетін элементтердің үшеуі де тән, дәлірек айтқанда: еңбек заттары, яғни көлік заттары; еңбек заттары, яғни тасымалдау объектілері (жүктер мен жолаушылар); адамдардың мақсатқа сәйкес қызметі, яғни еңбек.....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер. Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. ....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарға дамуын болжайтын бағдарламалық құжат болып табылады. [1] Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды. Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады. Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.....
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда. Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей: «... ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады» [1]. Осы орайда ұлттық компаниялардың алатын орны да ерекше. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады. Бірінші бөлімде - «мемлекеттік меншікті басқарудың теориялық негіздері». Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады. Қандай да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын берілетіндігі айқын көрсетілген. Екінші бөлім - «Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың дамуын талдау». Қазіргі таңдағы мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне сипаттама берілген. Сонымен қатар, мұнай-газ саласында қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметін талдауға баса назар аударылған. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түсуде. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі су өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспоттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін артыруда көрініс табады. ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс тақырыбы -«Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды. Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді қанағаттандыра алмайды. Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.....