Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі».
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр. Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: "Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген. Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды.
Тақырыптың мақсаты: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ТАБЫСТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

КІРІСПЕ
1. БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ: ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ.
БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Бөлу коғаіущық ұдайы өндірістіц маңызды фазасы болып табылады. Белу қоғамцық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тутынудың арасывда болып, құбылыс түріңде өнімдерді бвлу міндетін атқарады.
Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс тұріне қарай белу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған жене бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге кептеген экономикалық ойдың әртұрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатьісқан. Олардын әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай, өмірлік игіліктерді бөлудің әртұрлі принципін ұсынған. Мьісалы, еркін нарык теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоньщ есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажетгілік деңгейі» алуды ұсынған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Микрокредиттік ұйымдардың несие нарығындағы рөлі

I-бөлім.Несие нарығының негізгі субъектісі микрокредиттік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.1.Микрокредиттік ұйымдардың маңызы, қалыптасу тәртібі.
Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, микрокредиттік ұйым дегеніміз- занда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Микрокредит дегеніміз- микрокредиттік ұйымның қарыз алушыға заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша.
Жалпы еліміздегі микрокредиттік ұйымдардың құрылу тәртібіне келсек, олар коммерциялық және коммерциялық емес нысанда құрыла алады. Коммерциялық микрокредиттік ұйым шарушылық серіктестік нысанында, ал коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар қоғамдық қор нысанында құрылады. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін ынталандыруға бағытталған міндетті қамтамасыз ету және оларға заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік ұйым микрокредиттерді беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін ( занда белгіленген) жүзеге асыруға құқылы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1.1. МӘДЕНИЕТТАНУ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ ?
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1.1. МӘДЕНИЕТТАНУ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ ?
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат - халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | МЕНШІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ. МЕНШІКТІК ҚАТНАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджменттің қызметі

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық