Алдияр
Алдияр есімінің мағынасы, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
Алдияр есімінің мағынасы, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
Арсен есімінің мағынасы, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.
Мирас есімінің мағынасы — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.
Нұрасыл есімінің мағынасы – "нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.
Ислам есімінің мағынасы – түп-тамыры "салима", "юслиму", "ислам" яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың "әс-Сәләм" деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау.
Нұрислам есімінің мағынасы – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.
Расул есімінің мағынасы, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.
Дамир есімінің мағынасы — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет "темірдей мықты болсын" дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік-жігері мықты. Жақтастары көп.
Диас есімінің мағынасы – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.
Әмина есімінің мағынасы – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.