Туған жер — тұғырың
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген сөз бар. Расында осы бір туған жер сөзінің астарында оттан да ыстық Отан, Атамекен, кіндік қаным тамған жер деген ұғымдар астасып кетеді. Ал Отанды қазақ анасына теңеп, тіпті Отан ана дейді. Осыдан-ақ бұл түсініктің қазақ үшін киелі екенін аңғару қиын емес. Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген халқымыз бізге осындай алпауыт жерді мұра етіп қалдырды. Сондықтан бүгінгі және келер ұрпақ алдында үлкен міндет — туған жерімізді көздің қарашығындай сақтап, оны өркендету көркейту тұр. Осы бір...