Туған күнге арналған ?77 әдемі тілектер топтамасы

Туған күніңмен құттықтаймын! Сізге әдемі өмір тілеймін және оның әр бұрылысында әрдайым керемет оқиғалар болсын. Сізге қуаныш пен денсаулық үшін көптеген себептер тілеймін! Әр таң бақытты және шуақты болсын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Бауырыма туған күнге тілектер

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Құттықтау, тілектер
Толық

Атама туған күнге тілек. Ата туған күніңмен құттықтаймын

Тартып бізді мейірімді қойынға,
Ерік беріп шалқаладың мойынға.
Айтушы едің көргеніңді жыр етіп,
Біздің құлақ даладағы ойында.
Жатсаң дағы жалғыз аяқ жайыңмен,
Намазыңды оқитынсың жайымен.
Тоқымаққа тәжірибеңді біздерге
Асығыпсың,аңғармаппыз,жай білгем.

Құттықтау, тілектер
Толық

Келініме туған күнге тілектер, құттықтаулар

Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы Келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолын ақ, көңілін асқақ, жүрегін уайымсыз, арманын айқын, мақсатын...

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Әріптес - Мерейтой 60 жас)

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға....
Құттықтау, тілектер
Толық

Ініме туған күнге арналған құттықтау тілектер

Іні десе ішкен асым жерге түсер,
Жақсы ісіңнен кеудеме наным пісер.
Жаратқан жолы болған жан етсінші,
Өмірдің бақытының бәрін ішер.

Туған күнің құтты болсын бауырым,
Тілеймін мен сәтті күннің жарығын.
Бақытты бол, қуанышың көп болып,
Амандықта жүре бергін жан інім…

Құттықтау, тілектер
Толық

Мерейтой - 60 жас

 Өмір көшін біз бірге бастап едік,
Қалыпсың сен де алпыс жасқа келіп.
Бұл күні аға болдық, ата болдық,
Киеміз кейде басқа әдемі бөрік.

Уақыт шіркін қырандай зулағанда
Сыймайтындай жүруші ек бұл ғаламда.
Жан досым, ол күндер қалды артта....[/quote]

Құттықтау, тілектер
Толық