file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар

? Құрдастарымыздың, достарымыздың және жақын құрбылармыздың тойына киім таңдайтын уақытта ұзақ ойланамыз. Төменде көпшілік қонақ киім таңдау кезінде жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

?Тойға киім алуда мыналарды ескеріңіз:

– Қалыңдықпен той стилін талқыламау. Қазіргі кезде жастардың көпшілігі тойды батыстың форматымен өткізіп жатыр. Бұл дегеніміз тойдың нақты стилі мен негізгі түстік гаммасы бар. Олар тойға дайындықпен қапылысып жүргенде қонақтарға той қандай түсте безендірілетіндігін ұмытып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан алдын ала олардан өзіңіз сұрап алыңыз. Қонақтардың кейіптері мерекенің көңіл-күйіне әсер етеді және суреттерде тойдың стилі анық көрініп тұрады. Ол той иелері үшін маңызды болуы мүмкін болғандықтан, алдын ала сұрап алғаныңыз артық етпейді;......
Кеңестер
Толық

Тойға дайындық Қалыңдық қорқынышы

Қалыңдықтар той дайындығы кезінде мынадай мәселелер бойынша алаңдайды екен:

– Көңілім бұзылып, көзіме жас келсе кірпігімдегі тущ ағып кетеді. Мұндай мәселе туындамас үшін суға ақпайтын тущ жағыңыз немесе қазір барлық қалыңдыққа ұсынылатын жасанды кірпікке бір күнге рұқсат беріңіз.

– Туфлиімнің өкшесі сынып қалса... Тойда қарбалас кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Сондықтан барлығын ерте ойластырып қойыңыз. Бойыңыз тым кіші болса, бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Мүмкіндік болса, тағы бір өкшелі туфли жаныңызда жүрсін. Бойыңыз жолдасыңызбен қарайлас болса, жай табан аяқ киім алып, мейрамхананың (той өтетін жердің) сенімді жеріне қойыңыз.......
Кеңестер
Толық

Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Үйлену оңай, үй болу қиын дегенмен, үйлену тойының да қиыншылықтары жетерлік. Әр ұсақ-түйегіне дейін ұйымдастырып, реттеп қою қыз баласының, әйел адамының мойнында. Сондықтан олар той жөнінде ер азаматтарға қарағанда көбірек бас қатырады. Бірі тойды уайымдап біраз салмақ тастаса, бірі уайымнан көп тамақ жеп қойғанын да білмей қалады.

Өмірде бір рет келетін отау құру тойы сценариі жазылған концерт секілді бірқалыпты өтіп кетпей, нағыз мерекеге айналып, қуаныш сыйласын десеңіз бүге-шүгесіне дейін алдын ала ойластырып қоюға тура келеді.

Тойға дайындық басталғаннан өзіңізді ханшайымдай сезініңіз. Барлық істі үтір нүктесіне дейін қалай орындалуы керегін түсіндіріп, ең сенімді адамдарыңызға тапсырыңыз. Той кезінде өзіңіз тек тапсырмалар орындалғанын қадағалап отыратын басқарушы боласыз.......
Кеңестер
Толық

Қазақ әдебиеті | Тойғара ханшайым

Тойғара ханшайым (т.ж.б. -1805) - Нұралы ханның қызы. Ақылына сай сұлулығымен ерекшеленген, Ресейдің жоғ. мәртебелі ортасына танымал болған тұлға. Белгілі тарихшы, ғалым А.Рязанов «Сырым батыр» кітабында: «Орынборда Нұралы ханның қызы Тойғара ханшайым өмір сұрді. Оның жолдасы .....
Рефераттар
Толық

Тойға бірнеше оққағарын ертіп келген Қайрат пен Төреғали жұртты таңғалдырды (фото)

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі енді тойға оққағарларымен келетін болған. Алматыда өткен тойлардың бірінде олар бір емес бірнеше оққағар ертіп келіп, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қалыңдыққа арналған кеңестер

Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық