Жас жұбайларға құттықтаулар, тілектер

 Құрметті Жас жұбайлар!


Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл......

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойына арналған өлеңдер жинағы

Қазақтың тойы ешқашан біткен емес. Тойдың болғаны жақсы. Көпшілік жиналған той-томалақта той иелері, яғни қыз берген жақ сезімге беріліп, тілек айта алмай жатады. Қобалжу бар, қимастық та жоқ емес. Әйткенмен, жұртты аузыңызға қаратқан тұста жүрегіңіздің айтқанын жеткізіңіз. Бәлкім, жүрегіңіз мынадай шумақтармен шабыттанар. Ендеше, бүгін сіздерге қызыңыз ұзатылып бара жатқанда айтар деп мынадай (авторлары белгісіз) жыр-шумақтарын ұсынып отырмыз.

Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.

Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп....

Өлеңдер
Толық

Күміс той - 25 жылдық той (отау құрғанға 25 жыл)

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Сүндет той

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.

Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәлі-құла Қырық......

Баталар
Толық

Шілдехана бесік тойы

Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілектерін білдіріп әлек. Алайда, тойда сөз сөйлеуден қашқақтап журетіндер де кездесіп жатады. Ойда жоқта тұрғаныңызда асабаның микрофон төсеп қалуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.

Құттықтау, тілектер
Толық

Сіңіліме, қарындасыма, әпкеме қыз ұзату тойға тілектер

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Сүндет той

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басуымен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Сүндетке отырған баланың нағашылары оған нағыз азамат болдың ғой деп тай мінгізетін болған, ата-апалары түрлі базарлығын сыйға тартқан.

Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы.......
Құттықтау, тілектер
Толық