Экономика | Дебиторлық борыштар есебі түсуге тиісті шоттар алынған вексельдер

Осы курстық жұмысты жазу алдында мені кәсіпорындағы дебиторлық есеп өте қызықтырды, себебі бұл тақырыптың актуальділігі осы таңда өте жоғары. Кәсіпорынға тигізетін әсері зор, дебиторлық борыштарсыз кәсіпорын дамымайды.
Дебиторлық берешек -сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің (бизнес конрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді.Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.Саудалық дебитор берешегі-негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субьект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған девиденттер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субьектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субьектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі обьетивті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субьектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ди Каприо "Оскардағы" жеңісіне қатысты не деді?

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Оскар» киножүлдесінде "Үздік ерлердің рөлі" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, табыстау рәсіміне жиналғандардың алдында сөз сөйледі деп хабарлайды nur.kz порталы "Лентаға" сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық