Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. ....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды; • Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды. ....
Кіріспе. Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады. ....
Кіріспе Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмысымыздың өзектілігі : Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді. Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды. Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді. В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған. Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз. Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады. Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған. Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» - деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт - санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды. Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ - лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды. Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам - қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал - әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс - әрекеттерге көшу саясаты басталды. Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.....
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер). 2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз. 3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. 4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген. 5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі. Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық, таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста “Облгаз” АҚ –ның экономикалық жағдайына талдау жасалып, оның ұйымдастырылуы қарастырылды. Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде “Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы: акционерлік қоғам қаржылық жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады; акционерлік қоғам өзінің жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде және оның есебін ұйымдастыруына жазылды. Екінші бөлімінде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы; АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі; АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі: аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады. Негізгі құралдардың түсуі негізгі құралдардың түсуі - жіберілуі актісімен берілген объектіге деген техникалық құжаттармен бірге толтырылады. АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті толығымен , зерттеліп қарастырылды ....
Ес - бір-бірімен байланысты бірнеше өзіндік процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адам баласына қажет, өйткені ол арөылы мәліметтер жинақталып, есте сақталады да келешекте білім мен дағдылар ретінде жеке өмірік тәжірибеде қолданылады. Психологиялық ғылымның алдында ес процестерін зерттеумен байланысты бірнеше күрделі міндеттер тұр: мәліметтер қалай сақталады, бұл процестің физиологиялық механизмдері қандай, есте сақтаудың шарттары қандай, оның шеңбері қандай, сақталған мәліметтердің көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін тәсілдердің қолданылуы. Осы мәселелермен қатар басқа да сұрақтар бар: есте сақтау іздері қалай сақталады, бұл іздердің қысқа және ұзақ мерзімге сақталу механизмдері қандай, бұл механизмдер қандай өзгерістерге ұшырайды және де осы өзгерістердің адамның танымдық процестерінің дамуына әсері. ....