file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Медетбек Темірхан (1945)

Медетбек Темірхан - 1945 жылы 6 наурызда Аманкелді атындағы колхозда (казіргі Нұртас ауылы) Түркістан ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол орта мектепті Түркістан қаласында бітіргеннен кейін екі жылға жуық туған ауылында колхозшы, сонан кейін бір жылдай аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген.

Алматыдағы Абай атындағы институттың филология факультетінде оқыған, республикалық телевидениеде қатардағы редактор болған.

Жетпісінші жылдардың басында Маңғыстаудағы бірқатар геологиялық-барлау экспедицияларында жұмысшы боп, 1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғаннан кейін облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндетін.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық