География | Қоршаған ортаға аяушылық қарым қатынасты тәрбиелеу

Қайырлы күн! Менің аты-жөнім Алимбаева Айгерім Тохтарқызы, мен бүгін сіздердің экскурсоводтарыңыз боламын.Бүгін біз сіздермен «Медеуді қарсы алу» атты экскурсияға шығамыз. Біздің маршрут Абай алаңынан Достық даңғылынан «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына дейін жалғасады. Тоғайлыға дейін уақыт ұзақтығы 45 минут, ал 2 сағаттан кейін біздің автобус сіздерді Абай алаңына әкеліп салады.
Әр қаланың өз символы болады. Мәскеу үшін ол Кремль, Париж үшін – Эйфелева башнясы, Санкт-Петербургке – Нева. Ал Алматыны басқа қалалардан несімен ерекшелінеді? Президент Сарайы ма? «Қазақстан» қонақүйі ме? әлде Телеорталық па? Жоқ. Алматы - өзінің Іле-Алатау атты таулары мен әйгілі. Міне, осы символды, әдемілікті сіздер бүгінгі маршрут барысында көресіздер. Сонымен қатар, сіздер қызықты да жаңа дүниелермен танысасыздар. «Медеу» мұз айдынын көресіздер, Алматының флорасымен, фаунасымен танысасыздар. Плотинаны көріп және Алматы қаласының символы апорт алмалары екенін білетін боласыздар. Іске сәт-сапар!!!!!! ....
Рефераттар
Толық

Биотехнология | Консерванттар Ароматизаторлар Тағам бояулары және тағам қоспалары

Тамақ өнеркәсібінде, аспаздықта, тамақты үй жағдайында даярлағанда өте ертеден тамаққа тәтті дәм беретін қосылыстар қолданылған. Ең бірінші қолданылған бал, өсімдіктер шырыны, жемісі. Біздің күнделікті жағдайда негізінен қолданатынымыз – қант.
Соңғы кезде ғылымның тамақтануға қойған талабымен байланысты, төмен колориялы азық-түліктің өндірісін кеңейту, сол сияқты кейбір аурулармен ауыратын, әсіресе диабет ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы тағам қажет екеніне байланысты, табибғи және жасанды қанттарды ауыстыратын заттардың өндірісін кеңейту қажет болды. Осымен байланысты, тамақ өнеркәсібінде тәтті дәм беретін өнімдерді крахмалдан алу кең өріс алды, олар: сірне (төмен қантты, карамелді, глюкозды), глюко-фруктоза шырыны, глюкоза. Енді осы топқа жататындардың ішінен кеңінен қолданылатындары:
Бал – құрамында балы бар гүлдерді аралардың өңдеуімен алынған өнім. Жағымды дәмі, иісі бар зат. Құрамы: түсі және хош иісі араның өңдеп алған өсімдіктерінің табиғатымен байланысты. Құрамында 7,5 пайыз моно және дисахарид бар, оның ішінде 40 пайыз фруктоза, 35 пайыз глюкоза және 2 пайыз сахароза, 5,5 пайыз крахмалдан тұрады. Құрамындағы витаминдер: С-2, В6- 0, 10, фолатцин 15,00 мкг, аз мөлшерде В2 , В1 микроэлементтерден: темір – 800, йод – 2, фтор – 100, қалғандары өте аз мөлшерде. Органикалық қышқылдар 1,2 пайыз.
Бал тамақтанғанда және дәрі ретінде, сол сияқты тәтті тағам және нан пісіру өндірісінде, сусындар даиярлағанда қолданылады.
Солод экстракциясы - арпа солодының сулы сығындысы – моно және олигосахаридттердің (глюкоза, фруктоза, малтоза, сахароза), белоктардың, минералды заттардың, ферменттердің қоспасы. Құрамындағы сахарозаның мөлшері - 5 пайыз. Тәтті тағам өндірісінде, балалар үшін даярланған тағамдар да қолданылады.
Лактоза сүт қанты. Балалар тағамына және арнайы тәтті тағамдар өнімін даярлағанда қолданылады.
Көп атомды спирттер (полиолдар)....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс

2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты. ....
Рефераттар
Толық

География | Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. ....
Рефераттар
Толық

«Ұлтын ұлықтаған ұлтжанды азамат»

Ұлтының жүгін ауырсынбай арқалаған, аумалы төкпелі заманда қазағының сөзін сөйлеп, жанынан табылуы, озбыр саясаттың бүкір пейілін, ішкі арам ниетін көрегендікпен танып, бұқпантайламай өз ойын , өз шындығын халық қамы үшін ашық айтқан Алаш көсемі А.Байтұрсыновтың тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек. 1873 жылы дүние есігін ашқан Шошақтың немересі – Ахмет кеңестік жендеттердің қанды шеңгеліне арандап бақиға аттанғанға дейінгі 64 жылдың саналы ғұмырында өлшеусіз еңбек, ғасырлар бойы зерттелсе де түгесілмейтін мол мұра қалдырды. Азаматтық үні, қайраткерлік өнегесі, пендешіліктен биік тұрған өресі, қаптаған қара ниетті жауларына білімімен, көрегендігімен, алғарлығымен қарсы тұрып, есе жібермей, өркөкірек өзімшілдерге,......
Шығармалар
Толық

Қыз балаға қамқорлық танытсаңыз...

Қыз баласын тәрбиелеп отырсыз ба? Ендеше, сіз ең бақытты жансыз!

Әз елшінің ﷺ қыз балаға қамқорлық таныту жайлы сөз қылған хадистері көңілге қанат бітіреді әрі естіген жан қыз балаға қамқор болуға асығады. Құдай Тағала қыз баланы үлкен сауапқа толы қазына әрі береке бастауы етіп жібереді. Егер сіз өзіңіздің қызыңызға мейірімділік, қамқорлық танытып, үнемі аялап әрі пайдалы білім берген....
Кеңестер
Толық

Қылмыстық құқық | Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау

КІРІСПЕ
Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1]
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.....
Курстық жұмыстар
Толық