Қазақ биөнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.
Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан......
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан.....
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп......
"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.
Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.
"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.
ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.