file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Белсенді емес (енжар) және белсенді тасымалдау (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: заттардың тасымалдануы
Сабақ тақырыбы: Белсенді емес (енжар) және белсенді тасымалдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.3.1 енжар және белсенді зат тасымалдауды салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар біледі:
Пассивті және белсенді тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылықтарын
Көптеген оқушылар түсінеді:
Тасымалдаудың түрлі түрлеріне арналған энергия шығындарындағы айырмашылықтарды
Кейбір оқушылар жасай алады:
Белсенді және пассивті тасымалдау механизмін түсіндіреді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
Сабақ тақырыбы: Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.2 - энергия ағымының тиімділігін есептеу
9.3.1.3 - энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: қоректік тізбек құрады
қоректік тізбекте өндірушілер, тұтынушылармен ыдыратушыларды анықтайды пирамиданың үш түрін суретінен анықтайды
Оқушылардың көпшілігі: ресурстардағы веб-сайттың көмегімен өздерінің қоректік тізбектерін құрайды.есептеулерді жұпта орындайды.
энергия ағыны тұрғысынан экологиялық пирамиданы сипаттайды
Кейбір оқушылар: қоректік тізбектегі энергия ағымы мен заттардың айналымын талдайды.Есептеулерді өз бетімен орындайды. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу
8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну
Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
• Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну
• Желінің өткізу қабілетін білу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасы. Компьютер аралық ақпарат алмасудың әдістері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.6.1.1 Желінің өткізу қабілетін білу
8.1.2.1 Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
8.6.2.1 Сымсыз байланыстың артықшылықтарын түсіну
Сабақ мақсаты: • Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіндіру.
• Ақпаратты тасымалдаудың жалпы сызбасын түсіну
• Желінің өткізу қабілетін білу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау
Сабақ мақсаттары: кеңістіктегі векторлардың координаталарын табады, координаталарымен берілген векторларға амалдар қолданады .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кесінді ортасының координатасы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кесінді ортасының координатасы
Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қорытып шығара алады;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қолдана алады;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жарылқасын ағаның батасы

Дастарқан батасы
Дастарқаның бай болсын,
Қазан, ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құнажындарың құлындап,
Құлындарыңтай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың ұшып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дүшпан алмасын.
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Әумин!....
Баталар
Толық

Құрбан айт батасы

А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ - береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі - шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын....
Баталар
Толық

Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы

Уа, барша әлеумет,
Сардарға бата берейік.
Біріміз қалмай, бәріміз,
Батырға түгел ерейік.
Кәріміз бен жасымыз,
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы бес қару,
Бойымызға ілейік.
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өміртілейік.
Қаһарман қол - сарбаздар,
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік.
Қарсы келген дүшпанды,
Жермен - жексен көмейік.
Батыр киген ақсауыт,
Оқ дарысын демейік.....
Баталар
Толық

Үмбетәлі ақынның батасы

Ер болсаң, ем бол!
Ел сүйсінер бел бол!
Ер жүрек екпінді,
Ел бастаушы сен бол!

***
Ақ батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда Құдайым,
Жақсылыққа жеткізсін.
Жақсылық сенен кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Адал болсын жолдасың,
Аман болсын мал басың.....
Баталар
Толық