Технология | Сандық жасау тарихы үй тұрмысында қолданысы

1. Ізденіс жұмысында жобаға байланысты қанша нақты варианттар қаралды:
2. Сандық түрлері:
3. Тиімді вариантты таңдауда қандай мәселені меңзедің:
Үй мүліктерін насихаттау арасында - сандықты таңдадым.
Таңдаған варианттың басқа варианттарға қарағандағы ерекшелігі: Сандық - кепкен ағаштан жасалып, оның алдыңғы бетіне ою - өрнектермен әшекейлеп салынатын бұйым. Ою - өрнектің түрі қошқар мүйізбен өрнектеп жасадым. Бұл тәсілді чеканка ою арқылы орындалады. Сәнді болу үшін түрлі – түсті бояулармен боядым. Бұл бояулар сандыққа әр беріп тұрады.
4. Негізгі мәлімет өлшемдері:
Сандық негізгі төрт бөліктерден тұрады.
1. Асты – үсті
2. Екі жаны
3. Алды - арты
4. Қақпағы
Материалға жұмсалатын қаражат: 5000 теңге.....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қалам

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Алаштың тағдырлы тұлғасы Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, өмірі мен ерліктерін, еңбектерін қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т. б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Ою өрнектің мәні мен мағынасы

Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық
Мақсатым:
* Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән - мағынасын білу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу.
* Қазақ ұлттық ою - өрнек шеберлерімен танысу.
Міндетім:
* Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.
* Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу.
* Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық

1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру.
2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету.
Зерттеу әрекетінің кезеңдері:
1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу.
2. Бейнесуреттер жасау.
Зерттеу жаңалығы:
Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ ою өрнегінің даму тарихы

Кіріспе
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Ою - өрнек түрлері
Ою - өрнектің мән - мағынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Халық даналығы
Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Күні бүгінге дейін ұлтпен бірге жасап келе жатқан ою - өрнектердің мән - мағынасын, түрлерін, олардың атауларын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Міне, сондықтан жас ұрпақтың есінде жүрсін деп, мен қазақтың ою - өрнегін ғылыми жұмыс етіп алдым......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Бекет ата Аңыз бен ақиқат

Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.
Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Маңғыстаудың ежелгі қалалары

Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.
Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

І. Кіріспе
1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары

Мемлекеттік атауы - Эстония Республикасы. Астанасы - Таллин ( 427 мың. тұрғын ) Жер көлемі - 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.
Эстония - жағажай, қарағайлар елі, ортағасырлық қалалар, хуторлық шаруашылық дамыған. Эстонияның визитті карточкасы - Балтық теңізі. Эстония - индустриалды - аграрлы ел. Фосфорит пен жанатын тақтатас, шымтезек, цемент, саз балшық, әктастың қоры көп кездеседі. Өнеркәсібінің басты саласы - машина жасау ( электрорадиотехникалар, прибор жасау, кеме жөндеу т.б) және метал өңдеу, химия ( минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, бензол, жуғыш заттар ), жеңіл және тамақ өнеркісібі, құрылыс материалдыр, целлюлоза, қағаз.
Ауыл шаруашылығы сүтті- етті мал шаруашылығы. Шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Өсімдік шаруашылығы дәнді - дақылдар – қарақұмық, арпа, бидай, жем- шөп, картоп , көкөніс өсіреді.
Электротехника және радтоэлектронды бұйымдары, химикат, азық- түлік өнімдері экспортталады. Көлік байланыстары жақсы дамыған. Автомобиль жолыеың ұзындығы - 14,8 мың. км. Сыртқы саудасында теңіз жолының маңызы өте зор. Басты порттары: Таллин, Новаталлинский. Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну. Халқы: 1,45 млн.адам. Этникалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%). Дін: лютерандық....
Курстық жұмыстар
Толық