Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.
Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтың есімінің болуының өзі зор мақтаныш......
Ғылыми жобалар
Толық

Математика | Сандар тарихы

Тақырыбы: Сандар тарихы
Мазмұны:
1. Кіріспе 2 - бет
2. Зерттеу бөлімі 3 - бет
2. 1. Сандар тарихы 3 - бет
2. Сандар сыр шертеді 4 - 11 - бет
2. Сандар қасиеті 12 - 13 - бет
3. Қорытынды 14 - бет
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15 - бет
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлемін саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі да осында жатыр......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ тарихындағы би шешендер мұрасы

Брошюра шығаруға дайындаған материалы
Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы
Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс - тіршілік болмысын, ел - жұрт арасындағы қарым - қатынас, ел басынан өткен қилы - қилы кезеңдерді, жақсы - жаман жағдаяттарды ой - сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс - тіршілігі қазақ көкірегінен жыр - дастан, өлең - ән, ертегі - аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын - сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр......
Ғылыми жобалар
Толық

Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды .....
Ғылыми жобалар
Толық

Қымыз: тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары

8 «А»сынып оқушысы Яковенко Жанна,Оспанова Жанна 9 «А» сынып оқушысы бірігіп «Қымыз:тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары»тақырыбындағы зерттеу жұмысында казіргі уакыттағы халық арасында күнделікті қолданыста ұмыт бола бастаған ұлттық сусынымыз қымыз туралы іздене келе, оның пайда болу тарихына токталған. Тарихты жаңғырту арқылы қымыздың жасалу жолдары мен емдік касиеттеріне мән берген. Қазақ ақындарының қымыз туралы айтқан өлеңдеріне шолу жасаған.
Ғасырдан ғасырға жалғаскаи заттай мәдениетіміздің.....
Ғылыми жобалар
Толық

Психология | Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы

Кіріспе
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезең

КІРІСПЕ
Жапония Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы – цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезең

КІРІСПЕ
Жапония Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы – цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар. Бүгінде Жапонияда 200 жанартау анықталған. Ондағы 40 жанартау жиі-жиі буырқанып тұратындықтан, мамандардың тілінде «ояу» отты таулар деп аталады. Халқының саны – 127,33 млн. Астанасы - Токио. Ресми тілі –жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13,4 миллион, Сикокуда 4,2 миллион және Хоккайдода 5,7 миллион адам тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады.
Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық