Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы ....
Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан. Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады. Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады. ....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: 1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау; 2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу; 3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы; 4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау; 5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу; Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды. Диплом жұмысының құрылымы: Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша. Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
КІРІСПЕ Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде. М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі – фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де осыла (7). Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» эпопеясы авторының әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді (30). Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп, көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды. Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. «Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін Ғ.Тоқжанов: «Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді» - деп өрескел бұрмалайды (29). Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған «пролеткульттік» әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары «Абай жолы» эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы «тиіп-қашты» ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді. Солай болғанымен де «асыл тас су түбінде жатпайды» дегендей М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына арналған жинақтарда әдебиетші – ғалымдар З.Кедринанның (31), А.Нұрқатовтың (32), Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің (33), М.С.Сильченко мен М.Смирнованың еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды (34). Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен, әсіресе, «Манас» туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.....
Кіріспе Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады. Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады. Зерттеудің өзектілігі. Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық: 1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері, 2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі, 3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы, 4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. -Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру; -Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету. Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер пайдаланылды.
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ З. АХМЕТОВ
1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды. Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған тұңғыш еңбек -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» 1949 жылы жарық көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тіліндс басылды. Мәскеуде 1960 жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу кейін «Қазақ әдебиетінің тарихының» үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар) күйінде жарық көрді (1967)[1]. 1954 жылы қыркүйекте Қазақстан Жазушылары өздерінің үшінші съезін өткізді. Онда 1939-1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарында бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съез де, одан кейін (1954 желтоқсан) өткен. Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді. Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы бұл кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі арқасында қырқыншы жылдардың екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-үлкен шығармалар туғызды. Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда «Қазақ солдаты» романының орны үлкен. Онда жаңа заман батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген. Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге келді. Ә.Нүрпейісовтің «Күрляндия» (кейін «Күткен күн» болып өзгерілген - 1950) романы бұрын өдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын мойындатты. Оның кең тынысты романы өмір шындығын қамтуы мен шеберлігі жағынан ұнамды бағаланды.....
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты. Жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу. Жұмыстың міндеттері: 1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру. 2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру. 3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу. 4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор. Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген. Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн. Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген. Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай даму....
Қыс түсіп, күн суыған бетте көпшілігіміз тұмаудың шырмауына түсіп, шырқымыз бұзылатыны бар. Кейбіріміз алғашқы белгілерін байқасақ та, нендей шара қолданарымызды білмейміз. Сонымен, тұмаудан қалай тез айығуға болады? Немесе оның алдын алу үшін не істеу керек?
Бағана ғана осы кафедрадан кіріп-шығып жүрген бір оқытушыны көрген еді. Бұған түсі суықтау көрінген. Мына қағазда осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тіледі.
Кафедраның есігін қағып, кіріп барғанда әлгі оқытушының дәл қарсы алдында отырғанын көріп, дағдарыңқырап қалды. Ол бір жігітпен шахмат ойнап отыр екен. Түскі астың уақыты болған еді. Оқытушы мұны көре салып:
Бұл келген жұмысын айтты. Оқытушы қағазды қолына алды. Сонан соң:
- Ой, айналайын, мына сабақтарға бір ай жүресің ғой, - деді. - Ішінде менің сабағым жоқ па екен? - деді сонан соң оқытушы. Қағазға қайта үңілді де: - Менің сабағым жоқ екен, - деді.
Әлгі бір әзірде ғана осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тілеген еді. Енді болмай қалғандығына өкінді. Оқытушы енді кафедра есігінің қайырылысындағы бұрышқа көз тастады да, қыз баланың есімін айтқанда, аядай ғана кафедраның ішінде, бұл ойлағандай, екі адам емес, үшінші адамның барын енді ғана аңғарыпты. .....