Биология | БАДЫРАҚКӨЗ экзофтальм

БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]

Пайдаланған әдебиеттер



↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том .....
Рефераттар
Толық

Биология | Талма ауруының генетикасы

Талма ауруының генетикасы



Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40 миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70 аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30 және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі. Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды. Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.

Жіктелуі .....
Рефераттар
Толық

Биология | Потанин және қазақ зиялылары саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Григорий Николаевич Потанин мен қазақ зиялылары арасындағы байланыс көрсетіліп, олардың шығармашық қызметі зерттелген. Тамыры терең бір-бірімен замандас болған зиялылар өкілдерінің саяси және рухани көзқарастарына тарихи талдау жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ерекше орны бар Алаш Орда тарихына да аттай 90 жыл толды. Ел тәуелсіздігін аңсаған Алаш арыстары қазақ халқының алдындағы өзінің азаматтық міндетін орындады. Олардың ұлттық идеясы әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді .....
Рефераттар
Толық

Биология | Генетикалық карталар

Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т.б. болып белгіленеді......
Рефераттар
Толық

Биология | Іштік парасимпатикалық орталық

Іштік парасимпатикалық орталық (внутренностный парасимпатисеский центр); (лат. nucleus parasympathicus splanchnus) сопақша мида орналасады. Сұрзаттық орталық нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген жүйкені (nervus vagus) құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке, симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақты жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп,.....
Рефераттар
Толық

Биология | Анализаторлар немесе талдағыштар

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аплаценталдар

Аплаценталдар (көне грекше: aplacentalia, көне грекше: а — жоқ + лат. placenta — күлше, ұрықжолдас) — іштөлдерінің ұрықжолдасы (плацентасы) жетілмеген сүтқоректі жануарлар. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы

Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы.
Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. , ұзындығы 5 - 500 мкм. Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді фибриллалармен оралған,қозғалғыш, спора түзбейді,грам теріс, жасуша ішілік қосындылар бар. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ

БОДО – БІРЖАСУШАЛЫ, ТАЛШЫҚТЫ ЖӘНДІК
Бодо – талшықты ағзалар типінің өкілі. Бұл – талшықтарының жәрдемімен қозғалатын біржасушалы жәндік. Талшықты жәндіктердің бірнеше отрядтары бар
Сендер біржасушалы өсімдік – хламидомонаданы оқып-таныстың дар. Оның құрылысын еске түсіріп көріңдерші: ол – бодо пішінді, екі талшықты, бір жасушалы балдыр. Хламидомонада өсімдікше қоректенеді, денесінде .....
Рефераттар
Толық