Экономика | Капитал және резервтер

Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Карфоген мен Коринфты Римдіктердің талқандауы

Италияны өздеріне бағындырған соқ римдіктер жері мен құнарлы Сицилия аралын басып алуға әрекеттенді. Олардың Сицилияны басып алмақ ниеттерін жүзеге асыруымен Солтүстік Африкадағы аса бай қала — Карфаген қарсылық көрсетті.
Карфаген Солтүстік Африкадағы байтақ жерлермен қоса, Испанияның бір бөлегіне және Жерорта теңізінің батысын дағы, аралдарға иелік еткен. Жалдамалылардан құралған ірі армиясы және қуатты соғыс кемелері де болды.
Соған қарамастан Рим Карфагенмен бірінші соғыста ақ жеңіске жетеді де, Сицилияны иемденеді. Алайда Карфагеннің қуаты әлі қойған жоқ еді, енді екі жақ та жаңа шайқасқа әзірлене бастады.
Рим сенаты мынадай жоспар жасады: консулдың бір армиясы карфагендіктерге Испанияда, екіншісі Африкада шабуыл жасауға тиіс болды. Бірақ карфагендік жас әрі талантты қолбасы Гиннибал римдіктер жоспарын күл талқан етеді. Ол тоғыз жасар бала кезінде-ақ өмірбақи римдіктердің жауы болып қалатыны туралы салтанатты ант берген. Осы антын орындайтын сәт сағаты туды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Казкоммерцбанк АҚ дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардагы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен карызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік кабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты карпайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КАЗАГРОМАРКЕТИНГ АҚ МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз.
Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 % консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен өтуге тура келеді.
Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану, гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік, докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді.
Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен, келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада «сұрыптайды»: " авиа¬лайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?" ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның қаржы нәтижелерінің қалыптасуын талдау

Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫ ТАЛДАУ

Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашанда даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, ресурстарды өніру көлемі,орташа еңбекақы мөлшері және тағы басқа көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндеттердің бірі – республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны динамикалық қатарлардың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, динамикалық қатарлар қоғамдық құбылыстардың өзгеруін уақытқа байланысты сипаттайтын статистикалық сандар қатарын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық динамикалық қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекеттіздің басқару орындарында динамикалық қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыс өз алдына келесідей міндеттерді қойып отыр:
 Маусымдық индекс туралы түсінік беру және оның қолданылуын, артықшылығы мен кемшілік жақтарын қарастыру;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының экономикалық – шаруашылық қызметін сипаттау;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне маусымдық индекс бойынша талдау жүргізу;
 «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамының өніміне 2007 жылға болжам жасау.
Жалпы курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде алған тақырыбым бойынша маусымдық индекс ұғымына түсінік беру және оның қолданылуын анықтау, артықшылығы мен кемшіліктері көрсетіледі. Маусымдық индексті анықтау үшін «Қарағанды Көмір» акционерлік қоғамы өнімінің бір түрін алдым, ал жалпы акционерлік қоғам туралы және оның экономикалық- шаруашылық қызметі туралы курстық жұмысымның екінші бөлімінде қарастырып өтемін және Көмірның үш жыл көрсеткіші арқылы квартал бойынша маусымдық индексін есептеп көрсетемін. Акционерлік қоғам өніміне 2007 жылға екі әдіс бойынша яғни, мультипликативті және аддитивті әдіс бойынша болжам жасадым. Осы жоғарыда айтылғандардың барлығын зерттеп, оқып, талдап, есептеу барысында курстық жұмысыма қорытынды жасаймын. Осы жұмысымның барысында алып отырған Көмірның маусымдық индексін анықтау мен есептеуді толық ашып көрсетуге тырысамын. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Зерде ғылыми өндірістік бірлестігінің іс әрекетіне талдау

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандарудың басым бағыты — шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағытта өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Нарықтың экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны — бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау және талдау

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі

Еліміздің нарықтық экономиканың жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр.Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
• валюталық нарық;
• құнды қағаздар нарығы;
• несие-капиталы нарығы (ақша нарығы);
• асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвестицияларды алу және бағалау».Жұмыстың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу,бағалау әдістерін ашып көрсету және субъектілердің қаржы есептемелеріндегі инвестициялар туралы ақпаратты ашып көрсету тәртібін айқындау.менің курстық жұмысым мына мәселелерді қамтиды:
1. Инвестициялардың ұғымы,жіктелуі және оларды бағалау әдістері;
2. Қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді);
3. Қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржы есептерінде көрсету;
4. Қаржылық инвестиция есебі;
5. Туынды мекемелерге жасалған инвестициялар есебі.
Айқындамалар:
Қаржы инвестициялары - табыс табу (мәселен, проценттер, роялти, дивиденттер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен,коммерциялық қатынастардың нәтижесінде) пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив.
Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысынды экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың рөлі мен маңызы өте ерекше.Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын,яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
• Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді;
• Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып сатып алу қабілетін арттырады; ....
Курстық жұмыстар
Толық