Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмірбаяны
Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі СұлтанмахмұтТорайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ....
Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.....
1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді. 1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды. "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға ұсынды. 1914 жылыжазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Кузде Семейге барды. Орысша оқуға туспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде "Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия, география пәндерін үйренді.....
Сенім де талай түсті-аусергелдеуге Сын аз ба халыққа серт берген Ерге «Елім» деп шырқаған өзіңізді Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге. Жадыра Дәрменбаев «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......
Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.
Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. ....
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударылды. Әр ұлт әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосты. Өйткені ұлттың байлығы оның санымен өлшеуге болмайды. Қазақстан осы әлеуетті сақтауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тек полиэтникалық емес көп конфессиялы мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессяның өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60 – тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар провославия, протестант, буддизм, котолик, т. б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор, өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау, басқаша айтқанда, жаратушының бар екеніне сенетін барша Қазақстандықтар бірдей дәрежеде төзімді, бейбітшіліксүйгіш және ізгі ниетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз осы......
"Фотоға әдемі түсудің ережесі жоқ, тек әдемі естелікті түсіру керек" деген түсінік бар. Ыстық сәттерді көңілде және фотода ғана сақтай аламыз. Әрине, фотода сақталған көріністерді кейін өзіміз де, өзгелерде көре алады емес пе? ERNUR.KZ жұлдыздардың қазіргі және бұрынғы кезеңдегі суреттерінен фото-реп ұсынады.