Пәні: Қазақ тілі Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ Сүйіспеншілік пен достық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О3; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату. Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. 7.ӘТН1. Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу Сабақтың мақсаты: Кеңсе құжаттарының құрылымы мен ресімделуін анықтап, ұсыныс хат жазады......
Пәні: Қазақ тілі Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ Сүйіспеншілік пен достық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Сабақтың мақсаты: • Мәтіндегі мәселені түсінеді; • Мәтін идеясын анықтай алады; • Проблемалық сұрақ құрастыра алады; • Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады......
Пәні: Қазақ тілі Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік пен достық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.ӘТН 2; Орфоэпиялық норма: Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану Сабақтың мақсаты: • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады; • Факті мен көзқарасты ажырата алады. • Ауызша сөйлеуде орфоэпиялық норманы сақтайды......
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.
1. Таңдауда жаңылма
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер