Қазақша оқушыға мінездеме үлгісі / Образец характеристика ученика на казахском

Оқушыға мінездеме

Венера, осы мектепте 1 – сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп....
kz
Толық

1-11 сыныптар үшін Қазақ тілінің ережелер жинағы


Фонетика
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады.
Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Екі белгі бар: ъ - айыру белгісі, ь - жіңішкелік белгісі.
Қазақ тілінде тән әріптер 10: ә, і, ң, ғ.....
kz
Толық

Мектеп бітіруші түлектерге тілек | 11 сынып, 9 сынып

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған....

Құттықтау, тілектер
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Қош келдің Жаңа 2017 жыл)

1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2015 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

9-сыныпқа арналған қазақ тілінен тест сұрақтары мен жауаптары (9-12 нұсқа)

Тест сұрақтары

9-нұсқа
1.Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
А) тырнақша, үтір, сызықша
В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
Д) қос нүкте, тырнақша
Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша

2.Төл сөзді сөйлем
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.
В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп....
kz
Толық

Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Рационал сандар және оларға амалдар қолдану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Рационал сандарға амалдар қолдану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Алгебрлық өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Тіл - ел байлығы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы....
Шығармалар
Толық

Қазақстан жолы – 2050 "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (8 сынып)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Табиғатты аялайық

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада....
Шығармалар
Толық