Исраил Сапарбай (Қазақ қызы)

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жәйраңдаған.
«Қыз өссе - елдің көркі...» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Жігіттің жампозына теңдесе алар,
Батыр да,
Баһадұр де,
Ер де......
Өлеңдер
Толық

Исраил Сапарбай (Аяймын махаббатты жетім қалған)

Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,
Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.
Жазмыштың маған жазған пендесіне
Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.

Мұң ба екен,
Мұның бәрі уайым ба екен?!
Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона......
Өлеңдер
Толық

Махаббат

Ұмытар маған бәрінде бейне жоқ қылып,
Кеудемде жанған сезімнің отын сөндіріп
Тәңірім неге жаратты екен адамға
Қызғаныш деген сезімді миға құрт қылып

Не істеймін енді ақталам қалай сендіріп
Сезімім болса болатын шығар сүйгендік
Жатар ол бәлкім.....
Өлеңдер
Толық

Исраил Сапарбай (Жас қазақ)

Жалғанда жалғыз Құдай бар,
Басыңнан сипар басқа жоқ:
Жайыңды сенің кім ойлар,
Жанып бір туған, Жас қазақ?
Құйылса көктен қаршыға,
Құрбаны қашар сайлақпен.
Өзіңді өзің......
Өлеңдер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Құт болсын бақытыңның орамалы)

Сіңлілердің әпкелерге тілектері

Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты,
Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты.
Біздің үйден басталған бір соқпақ жол
Сені бізден бақытқа ала қашты.

Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа,
Ұзатып салды өзіңді бақ қырына.
Қарамайды екен-ау....
Өлеңдер
Толық

Ерлан Сәдуақасұлы (Дүниеде ең қымбат...)

Адамдықпен иман, намыс, ар қымбат!
Құдай қосқан ар ибалы жар қымбат!
Нәпсіқұмар дүниеқуған пендеге,
Құлқынменен ақша, байлық, мал қымбат!
Текті болып, дара туған жігітке
Отанымен туған – туыс, ел қымбат!
Жұбайымен баласының қамы үшін,
Еңбектенгіш қамқор.....
Өлеңдер
Толық

Ерлан Сәдуақасұлы (Адаспайық!)

Ақыл, сана болмаса егер, адамда.
Пенде айналар, иманы жоқ наданға.
Пайдасы аз, мұндай ардан безгендер,
Келтіреді зиянын көп қоғамға.
Бұл күні жүр зар еңіреп көп халық.
Бейкүнә адам кетіп жатыр сотталып.
Әділ үкім ете алмаған шенеунік,
Хақ алдында қалай.....
Өлеңдер
Толық

Ерлан Сәдуақасұлы (Қайран елім...)

Қайран қазақ қауқарсыз күй кештің бе,
Әлде өзгенің дегенімен өстің бе...
Құндылығың ар иманың қалмаса,
Адам демес бағаламас ешкім де!
Қайран қазақ ұмыттың ба діліңді,
Құрметтеумен қорғадың ба тіліңді...
Шалаланған ала тілді ұстанып,
Қайран тілім.....
Өлеңдер
Толық

Ерлан Сәдуақасұлы (Саябақтагы сырласу)

Мұңлы күн, ұзақ түн тым жақын арада.
Сағыныш сырнайы ойнайды баллада.
Сағынам iздеймiн өзiндi,
Ғашықпын сен тұрган қалаға!
Сенi ойлап жүрегiм, бiр тулап бұлқынар.
Сағыныш ансарын тоқтатар жыр шығар.
Өзіндi шын сүйген кұпия, жүректiң
Өзгеге ашылмас.....
Өлеңдер
Толық

Ерлан Сәдуақасұлы (Мен біреуді сағынам)

Мен біреуді сағындым көздерінің Нұры бар.
Жүрек шіркін сол жанды ойланғанда жылынар.
Кімді сүйгем мен сірә, Періште ме сүйгенім,
Мөлдір әсем жанары бір ғажайып, сыр ұғар!
Ондай сұлу періште бар деп сірә, айта алман.
Ондай сұлу ару бар ма жан жүрегі жайқалған.
Бір көргеннен ғашық қып.....
Өлеңдер
Толық