Бұлбұл құсым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сірен тартыр сілекей шөлдегенде
Көздің жасы көл болар еңірегенде
Күндіз күлкі көрмеймін,түнде- ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.

Қайырмасы:
Бұлбұл құсым,
Болса болсын, дей салшы,
Құрбың үшін.....
Өлеңдер
Толық

Босмойын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айта бар, барсаң сәлем босмойынға,
Бос болса, келе кетсин осы ойынға.
Патсайы атылас көрпе белден салған,
Жатты екен қандай жігіт сол қойынға.

Үйреткен домбыраның күйін маған,
Көрсетші сұлулардың үйін маған.
Кешегі жиырма бестің дер щағында,
Нәсіпті тартып алдық бұйырмаған.....
Өлеңдер
Толық

Бипыл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асар кер жүрмейді шалдыққанда
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.

Қайырмысы:
Ахау, тәнім-ай,
Талма, менің жаным-ай,
Ей, күлди-күлди, жаным-ай,
Күнде қызық үйім-ай.
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.....
Өлеңдер
Толық

Ақ сұңқар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсің ажарлымның.

Қайырмасы:
Ақ сұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.....
Өлеңдер
Толық

Алқызыл тас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, қарақат көз,
Тыңдасаң айтар едім азырақ сөз,
лилалай, сәулем, лилалай.
Барлығы мінез-ғұрып бір өзіңді,
Бағыңа қандай адам боласың кез,
лилалай, сәулем, лилалай.

Қайырмасы:
Ахахай, алқызыл тас,
Күнім-ау құрдас.
Көрген жан дидарыңа,
Болмай ма мас,
Лилалай, сәулем,л илалай.....
Өлеңдер
Толық

Ақкербез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінген атым астымда бұқпа қара
Ақ бетіңе шаң тисе,ыққа қара.
Деңгейінен ауылыңның ән салайын,
Танымасаң даусымды,шық та қара.

Қайырмасы:
Бөтегелі бөлден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз.
Айырылысар күн туды,
Қош-есен бол айдай,
Ақкербез,Ақкербез.....
Өлеңдер
Толық

Ақжайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Су ағады арықтан шыр айналып,
Өлмегенге мал бітер бір айналып.

Қайырмасы:
Ақжайқын көл,
Жайлайды-ау біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып. ....
Өлеңдер
Толық

Ақ бақай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келегнімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.

Қайырмасы:
Ахау,сәулем-ай,
Өзі келген,
Ахахау, арман-ай.....
Өлеңдер
Толық