Барлығы Жеңіс үшін!

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы отан соғысы басталды. Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында қалам ұстап отырған оқушылар мен студенттер қаламдарын қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтарылуы керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі сол беларусь жерінде қалып қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен-ақ жұдырықтай жұмылып, бір адамдай қызмет етті. Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақ шақырылған. ......
Шығармалар
Толық

Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық

Соғыс арифметикасына үңілсек

Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысы! Ұлы Жеңіс! Осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз. Қазір кім қалай десе де Кеңес Одағы бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Ұлы Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы опат болды.Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық көрсетті. Кеңес әскері шайқастың алғашқы күндері тәулігіне 24 мыңдай адамнан ажырап отырды. Сөйтіп алты ай ішінде шығын 3 миллион 138 мыңға жетті.
Офицерлер құрамы Қазақстанда даярланған кадрлар есебінен толықтырылып отырылды. Елімізге уақытша көшірілген оқу орындары түлектерін қоса есептегенде орта есеппен 60 мыңдай офицер мен 25 мыңдай сержант бізде,әзірленіп шықты. Елімізде 12 атқыштар дивизиясы,7 атқыштар бригадасы мен 4 атты әскерлер дивизиясы жасақталды. Сондай-ақ 2 артиллерия,4 миномет, 3 авиаполк,14 арнаулы батальон мен рота құрылған.
Соғыс жылдары майданға 13131 жүк автокөлігі,мыңға тарта жеңіл мәшине, 1538 шынжыр табанды трактор,110428 сәйгүлік және 16125 жүк тартатын аттар жіберілді. Қазақстандықтар тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін,Жеңіс үшін» деп күні-түні жұмыс істеген тыл еңбеккерлері бүкілхалықтық қорғаныс қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы аударған. Алғы шепке 1600 вагон сәлемдеме мен сый -сияпат жіберген......
Шығармалар
Толық

Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық

Қайсар ерлікпен келген жеңіс

Осыдан 75 жыл бұрын, таң ата бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды, аталар мен әжелер зар қақсады. Барлық жастар майданға, Отанын қорғауға ағылып, асықты. Ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың Отаншылдық, патриоттық сезімі қолына қару алып, сапта тұрған көптеген солдаттардың, ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі, рухы мен қайсарлығы жеңісті бір табан жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанда аттап өтпегені баршамызға мәлім. Сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап жеңісті сарыла күтті. Әйтеуір жеңіс келді. Үміттері мен сенімдері, армандары орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, асыл азаматтар, батыр аналар мерт болды. Жауларымен жан аямай күресіп, ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры, жазушы Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген. Миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз ойын айтқан. Ұлы Отан соғысы халық өмірі мен тағдырымен тығыз байланысты.......
Шығармалар
Толық

Қазақ елінің мақтанышы

Мен Қазан Нарбол, 2014 жылы Қытай жерінен өзімнің Отаныма, атабабамыздың кіндік тамған жеріне көшіп келдім. Ол кезде мен небәрі төрт жастан бес жасқа қараған шағым еді. Жасым бестен асқан кезде мен аудан орталығындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясының мектепалды даярлық сыныбына қабылданып, қазір осы мектептің 2 «Б» сыныбында оқып жүрмін. Сол кезден бастап ұстазым Нурхия Иембергенқызының әр айтқан сөздерін құлағыма құйып,бойыма сіңіріп өсіп келемін. Қазақ елі, жері туралы, тарихы мен ұлы тұлғалары жайында көп мағлұмат алдым. Елімізден шыққан қаһармандарымыз жайлы жүректен шыққан сөздерімді,өз ойымды ақ қағаз бетіне былайша түсірдім.
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. ......
Шығармалар
Толық

Жеңіске жеткен сол күн

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі.
Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді......
Шығармалар
Толық

Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!

Сендердікі-өмір, қоғам,заманда,
Сән түзеген қалаң менен далаңда.
Бейбітшілік мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын адамға.
Осыдан 71 жыл бұрын, адамзат тарихындағы ең сұрапыл да жойқын соғыс аяқталды. Елім деп еңіреп жерім деп жанын аямай шайқасқан кешегі аға-апкелеріміздің арқасында біз бүгін адам айтса нанғысыз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Ұлы жеңіс- сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке, ол біздің атабабаларымыздың қаны мен терін төгіп, білектің күшімен найзаның ұшымен келген дүние. Қаншама ата- бабаларымыз ерлік көрсетіп, жерлерін, елдерін ешкімге бермей фашистермен айқасқан бабаларымыз үшін қарыздармыз. Осыдан 75 жыл бұрын, сұрапыл соғысқа аға-апкелеріміз аттанған болатын. Егерде бізде мұндай жаужүрек, қайсар, батыр бабаларымыз болмаса біз бейбіт, жарқын өмір сүруші ме едік кім біледі.....
Германдықтардың қол астында жұмыс істеп, егемендігімізді алмай армандайтын ба едік.... Әлде жер бетінен жойылып мұндай ел барын ешкімде білмей қаларма еді... Тәуба қаны қазақ жаны қазақ батыр бабаларымыздың баға жетпес ерлігі, асыл аналарымыздың күндіз түні төккен тері бүгінгі күні өз жемісін беріп Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің ұланғайыр жерінде бейбіт өмір сүріп келеміз! Болашаққа нық сеніммен қарайтын, тарихының тамырынан сыр шертетін бабалар армандаған білімді жастар бой түзеуде. Соғысқа қатысқан қаншама боздақтар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов,Төлеген Тоқтарав,Сайн Аманжолов сияқты батырларым өздерінің өшпейтін ерліктерін бізге өнеге ретінде қалдырды .Ол кісілер біздің жүрегімізде...Шын мәнінде біздің абзал жанды ардагер қарияларымыз үлкен ерлік жасады...
Шығармалар
Толық

Жаңа заман

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.
Б.Момышұлы
Әрбір ұлттың өз өткені,тарихы болады. Сондай қайғысы мен қуанышы қатар жүретін қазақ тарихындағы естен кетпес күндердің бірі-22 маусым.КСРО-ға Фашистік Германия шабуылы,жан-жақтан соғыс басталғанын хабарлайтын дауыстар,үреніш,ананың жүрегіндегі қорқыныш,уайым.Міне,дәл осылай бұл күн есте қалды.Қайғы-қасіретке толы жаңа заман басталды.
Отан алдындағы парызын орындау үшін ерлер әскери комиссариаттарға барып,енді шегінерге жол жоқ деген оймен жасы да, кәрісі де соғысқа аттанды.Жүректегі үрейге қарсы тұрып,суық қаруды қолға алып, соғыс шебінде ерлікпен шайқасты. . Бес жыл ішінде қанша мың қазақ баласы отанына оралмады,бірақ қасық қаны қалғанша шайқасып, біздерге жеңіс әкелді.Көптеген неміс шабуылдарына бірлесіп төтеп беріп,майданда өз ерікжігерін көрсетіп, Кеңес Одағының Батырлары атанды. Сондай еразаматтарымыздың бірі-Бауыржан Момышұлы.Ол ержүрек қазақ қаһарманы,Кеңес Одағының Батыры 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды.Сол бес жыл ішінде 27 рет қолына қару асынып, ұрысқа шықты.Басқа да жауынгерлермен бірге Мәскеуді қорғады.Соғыстан ерлікпен оралып, кейінгі жылдары жазушы ретінде соғыс атты өмір мектебіне байланысты “Генерал Панфилов”, “Майдандағы кездесулер” шығармаларын жазды.Сол кітаптардан алынған мынадай қанатты сөзі бар: “ Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерік- жігерін сынайтын ұлы емтихан”. Әрине, ол ел тарихындағы үлкен сынақ,бірақ біздің ерлер бір ту астына бірігіп,оған төтеп берді. ......
Шығармалар
Толық

Бізге келген жеңіс

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 9-шы мамырда 71 жыл толады. Жылдар өткен сайын бізге Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің саны азайып барады. Сондықтан, біздің басты борышымыз, сол майдангерлерімізді сыйлау, құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету. Соғыс 1941 жылы басталып 1945 жылы аяқталды. Қазақ елінің азаматтары да соғысқа бірінші күннен бастап қатысты. Отанымызды қорғау үшін жастар да, кәрілер де қатысты. Сол соғыста қаншама адам қазақ тауып, қаншамасы мүгедек болып қайтты, қаншама ана жесір қалып, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерлік көрсеткен, ерекше сый-құрметке ие болған майдангерлердің ішінде біздің қазақ аталарымыз бен апаларымыз бар. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Біздің елімізде көптеген көшелерге, ғимараттарға, оқу орындарына осы соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының есімі берілген. Биылғы жеңістің 71 жылдығына орай әр-түрлі қалаларда мерекелік ісшаралар өткізіледі. Ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Осы кісілердің арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Көп – көп рақмет сіздерге, құрметті ардагерлер!
И.В.Сталин халыққа 1941жылдың 3шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс « Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В.Лебедев-Кумач пен компазитор А.Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ ән ұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды. ......
Шығармалар
Толық