Мәңгілік ел

Мәңгілік елдің болашағы - сенімді қолда

Қазақстан...Қасиетті де құрметті атыңнан айналайын! Сендегі бар ғұмырым, маған қуаныш пен бақыт әкелді. Саған артар өкпем тіпті жоқ! Болмайды да. Каспийдің бұрқыраған толқынымен, дүр еткен баһадүр ерлерімен, сары даланың самалдай соққан өшпес тарихың мен сенің атын әлі шоқтығы биік жерлерден орын алатыны сөзсіз. Оған менің сенімім мол.

Бірақ ежелгі қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның арасы жер мен көктей. Толқындары тынық самалмен тербетіліп жататын, сол баяғы қарт Каспий. Қашан келсең де саған айтар аңызы, шежіресі таусылмайтын, жұмбақ сырларының шеті көрінбейтін, сол баяғы кең дала. Осы жерде: « Бұрынғы қазақ елі мен қазіргі қазақ елінің не айырмашылығы бар?»- деген сұрақ туындайды. «Баяғы жартас- сол жартас»- демекші, «Қандай өзгеріс бар?»- деген де сұрақ туады. Онда мен жауабымды айтайын. Қазіргі Қазақстан- жаңа болашаққа бастау алған дамыған мемлекеттердің бірі. Ол көркею үстіне көркеюде. Жапырағы жайқалып, гүлдей жайнап, тамырын терең бекітуде. Азияның жүрегінде орналасқан Қазақстан басқалардың қызыға да қуана да қарайтын еліне айналуда. Ол бұрынғы қазақ елінен өзінің тәуелсіздігімен, жаңа саясатымен және жаңа көзқарастарымен ерекшеленеді......
Шығармалар
Толық

Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті

Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын
Расул Ғамзатов

Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.

Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?.....
Эсселер
Толық

Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет!

Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» - жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу және оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы дейді. Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету - үлкен шеберлік. Сол шеберлікке жоғары баға бергендердің бірі - орыстың атақты педагог демократы, әрі педагогика ғылымының нағыз майталманының бірі - К.Д.Ушинский еді. Ол өзінің бір сөзінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Бұл сөзіндегі «сырттай қарапайым» дегенін бөлек алып қарайықшы. Яғни, сырттай қарапайым, жай ғана бір мамандық. Мұны бірі түсінсе, бірі аса түсіне бермейді, бірақ мұғалім өз бойында тек бір ғана ұстаздықты, бір ғана тәлімгерлікті алып жүрмейді. Қажет кезінде актер де, әнші де болады. Ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші... Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Сол себепті де К.Д.Ушинскийдің ұстаздықты ең ұлы іс, ең ұлы жол деп бағалауы бекер емес......
Эсселер
Толық

Мұхтар Шаханов - күрескер ақын

Мұхтар Шаханов- «қазақ» деп жанын беретін, «қазақ» деп шырылдап жүретін,«қазағым» деп ұрандатып жүретін, «қазақ тілі», «қазақ тағдыры» деп жүретін жалғыз, дара 21 ғасырдың күрескер ақыны , қоғам қайреткері , қазақ үшін жаратылған перзенті.

Мұхтар Шаханов Ұлы Абай сияқты күресіп жүр. Ол Абай сияқты қазіргі таңда бір жалғыз өзі мыңмен жалғыз алысып , күресіп жүр. Ол өз ана тілін білмейтін , білсе де менсінбейтін «мәңгүрт» адамдармен күресіп жүр. Абайдың заманында бәрі өз тілін білетін, құрметтейтін , жоғары бағалайтын . Ал, Мұхтардың заманында бәрі керісінше. Абай ақын Мұхтардың заманында өмір сүргенде қайтер еді? Не тыңдырар еді? Мұхтар өз заманында істеу керектің бәрін істеді, айту керектің бәрін айтты , ештеңені жасырмады. Бұл заманның адамдары өз ана тілінде сөйлемейді, сөйлесе де шұбарлап , былықтырып , быттастырып , тамаша сөздің сәнін, мәнін кетіріп сөйлейді. Сол жандарға Мұхтар ақынның жаны қатты ашиды, жүрегі ауырады. Ол өз жүрегінің ауырғанына қарамай , басқалардың жүрегін емдеуге тырысады. Олардың жүрегіне «қазақ тілі», «қазақ елі» деген дәрілермен ем жасайды. Бұл дәрілер ең қымбат , таптырмайтын дәрілер . Бұл дәрілерді тауып беру үшін –ол жанын береді. Ол сол дәрілерді өз жанынан , рухынан шығарады. Мұхтардың қай өлеңін оқысаңда , онда қазақтың мұңы , тағдыры жатыр. Ол «Аралдың тағдырын» шырылдап айтқан жалғыз перзент. Ол қазақтың ұлттық төл мейрамы «Наурыздың»тойлануына алғаш боп ықпал еткен ақын. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күнін »біраз уақытқа тойламай қалды. .....
Эсселер
Толық

Мамандығым - мақтанышым

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Мәңгі адам боп қалу үшін ғаламда.
Мәңгі болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Иә, шынымен де армансыз адам-қанатсыз құс. Онсыз көкке ұшып, биікке жете алмайсың. Орыс жазушысы Л.Н Толстой айтқандай: «Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тіршілік те жоқ». Демек, арман арқылы алға ұмтылу өмірдің басты мақсаты. И.С. Тургеневтің «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» деген айшықты сөзі адамзатты мүсіркеуге емес, өмірге деген ұмтылысына әрекет жасауға бағытталған. Бұны мақсатты арманға апаратын сара жол деп ұғамыз. Осыдан алты жыл бұрын білім мен тәрбиенің бастауы болған, сусындатқан, алтын ұя мектебімнен қанат қаққалы жүрген сәтімде болашақ арманыма жетудегі мақсатым мазалаған болатын. Орыс жазушысы И.С Тургенев: «Үлкен мақсатқа жетуді көздеген адам - өзі туралы ойлануы қажет» дейді. Сол он бір жылдық өмір мектебін аяқтағанда, өзімнің өмір атты мектепке аяқ басқанымды сездім. .....
Эсселер
Толық

Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,

Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Эсселер
Толық

Менің елім - мәңгілік ел!

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ пен бірлік мақтан етуге тұрарлықтай.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.....
Эсселер
Толық

Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесінің ең үлкені-оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Ә. Нұршайықов

Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланың еңбекқор,ақылды,тәрбиелі болып өсуіне ата-анасы жауапты. Жақсы тәрбие көрген бала ешқашан жерде қалмайды. Айналасы жақсы адамдарға толып,үлкендерге құрмет көрсетіп,кішілерге өнеге беріп жүреді. Жалпы жақсы адам болып қалыптасқан баланың өмірі жақсылыққа толады. Көбінесе,қазіргі жұмысбасты ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бере алмай жүр. Мен бұндай оқиғаларды күнделікті өмірден және фильмдерден көрдім. Тек қана жұмысбасты ата-аналар ғана емес,басқа да отбасылар ішінде бар. Әркімнің тәрбиесі әрқалай. Тәрбие байлыққа,жоқшылыққа қарай бөлінбейді. Ең әуелі баласына тәлім тәрбие бергісі келетін ата анада ниет пен сүйеспеншілік болады.

Қазіргі кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбей жүр. Балалардың көпшілігі жан жаққа шашылып кетті. Барлық бала бірдей емес. Себебі,әркімнің тәрбиесі әрқалай. Мен бұл сөзді қайталаудан таймаймын. Өйткені бұл-заңдылық. Қысқасы барлық адам бірдей тәрбие көрген жоқ. Сондықтан олардың балаларына беретін тәрбиесі де әртүрлі болады. Мысалы,ауыл мен қала балаларының алған тәрбиесі көпшілік жағдайда әртүрлі болады ғой,иә?Ауыл балалары ауылдағы ата әжелерінің қолында өсіп,қазақи тәлім-тәрбие көреді. Олар көбінесе ұлтшыл,намысшыл,салт дәстүрді ұстанатын болып өседі. Бірақ бәрі деп айтпаймын. Себебі,ауыл балаларының арасында қала балаларына еліктейтіндер табылары хақ......
Эсселер
Толық

Күң өлімі

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер Ілияс-тек шебер айтушы ғана емес сонымен бірге көрген – білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты жазушы.

Заман көрінісі мен өмір шындығын бейнелейтін жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Күң өлімі».Әңгіменің негізгі идеясы қазақ әдебиетіндегі мәңгілік тақырып болған бақытсыз әйел образы.Жазушы бұл туынды арқылы асқан ана махаббатының құдіретін дәрменсіздік пен кедейліктің талқысына сала отырып оқырманға ой салады. Ол 1922 жылы жазылған. 1933 жылы Семейде шыққан «Толық жинағының» 2-томында, «Жол аузында» (1935) деген әңгімелер жинағында жарияланды. Сонымен бірге әңгіме қазақ әйелдерінің тұңғыш басылымы - «Жетісу әйелі» журналында жарияланған. Ілияс Алқаны өз көзімен көріп, әңгімелескендігі туралы дерек бар . /1965 жылғы «Жұлдыз» журналының№5 саны/

Алқа жайында былай деп жазады: «Алқа егде тартқан кісі еді, өңі сіріңке қара. Мінез орнында ерекше қуаныш минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлген емес.Бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек- аяңға үйір болмай, тиісті кезекте ғана сөйлейтін. /Бұл қасиеті жөнінде әңгімеде де талай айтып өтеді/ Егер бір сөйлесе тізбегін әдемілеп, ұзақ-ұзақ сөйлеп кетуші еді. Сөзінің көбі өз басының мұңы болатын. Мұның атының Алқа екенін үйі аралас кісі білмесе, сырт кісі «Сандыбайдың күңі» дейтін......
Шығармалар
Толық

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Шығармалар
Толық