Солтүстік Америка – солтүстік жарты шардың Евразиядан кейінгі екінші материгі, оған Кариб алабының аралдары, Багам аралдары және Гренландия аралы кіреді. Батысында Тынық мұхитымен, ал шығысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитының теңіздерімен ұласып жатыр. Жер материктері ішінен ол жер көлемі бойынша (20,4 млн. км2) үшінші орын алады. Континент Оңтүстік Америкамен Орталық Америка таулы аймағының мойнағы арқылы байланысқан, ал Еуразиямен Чукотка-Аляска ауданында Беринг бұғазы арқылы шекараласады. Нәтижесінде Орталық Америка табиғат жағдайлары бойынша Оңтүстік Америка материгінің солтүстік аудандарына, ал Солтүстік Американың тундрасы Еуразияға жақын келеді. Чукотка мен Аляска арқылы Солтүстік Америкаға адамдар өткен деген жорамал бар. Құрлықтың табиғат жағдайларының ерекшеліктерін қалыптастыруда Гренландиямен көршілес жатуының да үлкен маңызы зор. Оның мұздықтық қалқаны өте үлкен тоңазтқыш ретінде рөл ойнайды. Материктің жағалық сызығы күшті тілімденген: түбектері де көп, шығанақтары құрлыққа қарай тереңдеп кірген. Солтүстік Америка материгінің негізінде ежелгі платформа жатыр. Солтүстік-шығыста Канада қалқаны аймағында оның қатпарлы фундаменті жер бетіне жақын жатыр. Территорияның басқа бөліктерінде-Мидконтинент плиталарының шегінде палеозой шөгінділерімен және Ұлы жазықтар ауданының шеткі майысуларында мезазой шөгінділерімен жабылған. Платформаға негізінен жазықты жер бедер түрлері-цокольді және қабатты ойпаттар, қытарттар мен үстірттер сәйкес келеді. Платформаның шет жақтарына әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдар жалғасады. Эпигерциндік платформа фундаменті материктің оңтүстік-батыс Галф-Кост плитасы шегінде мезо-кайназой шөгінділерінің қалың қабатымен жабылған. Басқа аудандарда жер бедері қатпарлы құрылымы негізнен таулы болып келген. Пайдалы қазындылар тектоникалық құрылымдарына байланысты таралады. ....
Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн, км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар: • Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең. • Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді; • Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км; • Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км; • Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі; • Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура. • Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген. • Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр.....
Физикалық-геограгриялық орны. Солтүстік Американың табиғат жағдайлары бұрын оқылған материктердегіден мүлдем өзгеше. Оның табиғат комплекстері өте алуан түрлі, олардың ішінде сирек кездесетіндері де көп: алып секвойя тоғайлары, үлкен көлдер, лайлы вулкандар мен гейзерлер аймақтары, аса терең өзен аңғарлары — каньондар және тағы басқалар. Адам материктің табиғатын күшті өзгерткен, мәдени комплекстерді көп жасаған. Материктің физикалық-географиялық орны. Солтүстік Америка көлемі жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24,2 млн. км2. Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің ең кең бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі әсер етеді және бұрынғы оқылған материктерден айырмашылығы бар. Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе материктің шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал батысы мен шығысында едәуір аз. Ғалымдар континенттің шығыс бөлігі миллиондаған жылдар бұрын Европамен біртұтас болды, ал солтүстік-батыс бөлігі Солтүстік-Батыс Азиямен қосылып жатты деген болжам айтады. Жағаларының пішіні — литосфералың плиталар қозғалысының нәтижесі. Космостан түсірілген Жер бетінің суреттерінде материктің солтүстігіндегі қар жамылғысы мен құрлықтағы мұздықтарды мұхит мұздарынан ажырату қиын. Мұнда Арктиканың мұздарына ұласқандай, көлемі жағынан орасан зор Канадалық Арктика архипелагы орналасқан. Жылдың көп бөлігінде мұз басып жатқан Гудзон шығанағы құрлыққа ішкерілеп еніп жатыр. Испандықтардың ашуынан кейін Жаңа Дүние жағаларына қарай басқа европалық елдердің экспедициялары жорыққа шықты. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот европалықтар үшін Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашты. Ағылшын теңізде жүзушілері мен саяхатшылары (Г. Гудзон (XVII ғ.), А. Маккензи (XVIII ғ.) және басқалары) материктің шығыс және солтүстік бөліктерін зерттеді. XX ғасырдың басында Р. Амундсен бірінші болып материктің солтүстік жағалауын бойлай жүзіп шықты, Жердің солтүстік магниттік полюсінің географиялың орнын тапты. Орыстардың Солтүстік-Батыс Американы зерттеуі. Материкті зерттеуге орыстар зор үлес қосты. Басқа европалықтардан дербес, олар континенттің солтүстік-батыс бөлігінің кеңістігін ашып, игерді. Сол кезде картада енді ғана белгіленіп келе жатқан Америка жерінің осы бөлігінде тұңғыш рет аралдардың орыс атаулары пайда болды. Бұл аралдар XVIII ғасырдың ортасында Витус Беринг пен А л е ксей Чириковтың жүзуі кезінде ашылған. 1741 ж. орыс теңізде жүзушілері екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап, Алясканың жағаларына жетті, жекелеген аралдарға аяқ басты. ....
XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.
Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.
АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.
Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.
Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын ....
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады. Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
КІРІСПЕ Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және траспорттың дамуын жеделдетеді. Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Жаңажол кен орны болып табылады. Осы «дипломдық жобаның» негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі. Жаңажол кен орны 1981 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді. Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде «А», «Б», «солтүстік В», «оңтүстік В», «Г-111», «Дв», «Дн», «Д-111» индекстерімен белгіленген. Осы «дипломдық жоба» жұмысында Жаңажол кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі «В» бөлігін, яғни «солтүстік В» бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым. Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.
1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ Кен орын туралы жалпы мағлұмат Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды. Жергілікте жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді. Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 400 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жыына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айлары шілде, тамыз айлары жатады.....
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. 2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi ....
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды. Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....