Босанғаннан кейін қалай қауіпсіз арықтауға болады

Босанған келіншектер кешегі қыз күніндегі әдемі мүсінін жоғалтқандарына қатты уайымдап жатады. Тезірек арықтап, қалпына келуі үшін артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастайды. Бірақ түрлі диеталар, дәріханаларда сатылатын арықтататын дәрілер мен шайлардан көп жағдайда оң нәтиже болмай, тіпті кері әсерлері де тиіп жататыны өтірік емес немесе ойдағы межеге жету үшін олардың кейбіреуін айлап ішу де қажет.
Сондықтан да арықтағысы келетін жандар, әсіресе, босанғандарына көп бола қоймаған келіншектер мұндай диетелар мен дәрі-дәрмектен аулақ болғандары жөн. Өйткені босанғаннан кейін әлі толықтай орнына келе қоймаған олардың организмдеріне бұл дәрілер мен диеталардан төнер қауіп көп. Ендеше, қауіпсіз арықтаудың бірнеше жолымен танысыңыздар.......
Кеңестер
Толық

Өзіңіздің қойылған мақсатқа жетудің 10 тәсілі туралы айта кетсек

1. Қойылған мақсатты қағазға жазу, қағазға жазылмаған мақсат бір күнде ұмытылып кету ғажап емес.

2. Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады сұрақ қойыңыз, қашан жету керек және қайда жасау керектігін қағазға түртіп қойыңыз.

3. Қойылған мақсатқа жетудің мерзімі, яғни қойылған мақсатқа жетудің уақытын жазу, қойылған мақсатқа уақыт қоймау жәй ғана арман болып қалай береді. Бұныда қағазға түртіп қойыңыз.......
Кеңестер
Толық

Баланың салған суреті бүкіл отбасының психологиясы

Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.

? Реті бойынша. Үй ішіндегілердің пайда болу реттілігі балғын суретшінің оларға деген қатынасын көрсетеді. Әдетте балалар ең жақсы көретін жанды бірінші салады. Егер ол біреуді ұмытып кетсе, демек баланың ол адаммен қарым-қатынасы шиеленісті болуы мүмкін. Балалар әдетте өздерін суреттің ортасына орналастырады. Бұл оның ата-анасының өзін жақсы көретініне сенімділігін көрсетеді. Ал егер өзін салмаған болса, ол өзін жалғыз, әрі сүйкімсіз, керексіз сезінеді. ......
Кеңестер
Толық

СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ

Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады?

* А витамині жетіспегенде тері құр­ғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөніс­тер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады.......
Кеңестер
Толық

Өмірлік мәні бар кеңестер

1. Егер адам сізге жақындағысы келмесе, оны жайына қалдырғаныңыз дұрыс.

Антон Чехов

⭐ 2. Өткен шақ қайтып келмейді, өзіңізді осы шақтан тауып, болашаққа нық қадам басыңыз.

Михаил Булгагов

⭐ 3. Мен әрдайым өзімді бақытты сезінемін. Неге екенін білесіздер ме? Себебі ешкімнен ештеңе күтпеймін. Өмір өте қысқа. Сондықтан өз өміріңізді сүйіңіз......
Кеңестер
Толық

Асқазаныңыз ауырса

Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар асқазан ақауларынанан зардап шегіп отыр және де осы сырқатты әбден асқындырып алып, емін таба алмай отырғандардың жағдайы тым ауыр. Саныңызды соғып қалмас үшін, асқазанның ауырсынуы байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз дегім келеді. Дәрігердің сізге тағайындайтын дәрі-дәрмектері сізге жәрдем бере алады.......
Кеңестер
Толық

Алма сірке суының пайдасы

Алма сірке суын қолдан майонез дайындауда, қияр тұздауда және теріні тазарту мен шашты жылтыратуда пайдаланатынын білетін бе едіңіз? Алма сіркесін басқа қандай жағдайларда қолдануға болады?

Дүкендерде жиі сатылатын сірке қышқылын емес, табиғи сірке суын таңдап алыңыз. Оның табиғи екенін ажырату үшін қаптамасында жазылған күштілігіне назар аударыңыз, ол 4-5 пайыздан артық болмауы қажет. Егер алма сіркесі табиғи болмаса, жақсы нәтиже бермейді.......
Кеңестер
Толық

Пісте шағу пайдалы ма зиян ба

✅ Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Пісте шағудың зияны

✅ Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?......
Кеңестер
Толық

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.

Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:......
Кеңестер
Толық

Қарапайым ақыл-кеңестер

Баспа болсаң
Баспа (ангина) қысып ауыра бастағанда лимон шырынының бір бөлігіне екі бөлік қайнаған жылы су құйып, сағат сайын тамақты шайып отыру қажет. Сонсоң қабы-ғынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру керек. Оны 15-20 минуттан соң жей салыңыз. Осы емдік шараларды жиі-жиі жасап отырсаңыз, бадамша безі (миндалина) асқынбай, тез жазылады.......
Кеңестер
Толық