Инвестициялық жобаларды жоспарлаудың теориялық аспектілері

Мәселенің көкейтестігі және зерттелу дәрежесі. Ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды бір шартты инвестициялық қызметті жандандыру. Республиканың тиімді экономикалық дамуын көтеру, өндіріс көлемін көбейтуге жағдай жасайтын жобалар және әлеуметтік, инновациялық және өндірістік бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу үздіксіз ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін, елдің шаруашылығын инвестициясыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Нарықтық қатынастар дамуының, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әміршілдік- жоспарлық экономиканың ыдырауы, өндіріс көлемінің қысқаруы, төлеуге кабілетсіз кәсіпорындар мен ұйымдар санының өсуі инвестициялық жобаларды басқару механизмін өзгертті, жалпы экономика және кәсіпорын бәсекелестік қабілеттін көтеру, экономикалық өсу негізі ретінде инвестициялық қызметтің сипатына және қарқына ықпал жасады.
Жобаны басқаруда, өзіне жобаны жүзеге асыру процесінің барлығының ұйымдастырушылық басталуды іске асыратын жоспарлау ерекше орын алады. Жоспарлаудың мәні жобаның ұйым- қатысушылар арасындағы өзараәрекетті орнату, оларды орындау үшін қажет ресурстардың барлық түрін, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау, жұмыстың бөлшектік кешенін анықтау негізінде оларды қанағаттандырудың мақсаттарымен тәсілдерін дәлелдеуден тұрады. Жоспарды әзірлеу бойынша қызмет жобалық циклдың барлық кезеңдерін қамтиды. Ол жоба қағидасын әзірлеу процессінде жоба- менеджердің қатысумен басталады, контракты ұсыныстарды құру, контрактіге отыру, жұмысты орындауды қосып, жобаны орындаудың стратегиялық шешімдер таңдау және оның бөлшектік әзірлеу кезінде жалғасады және жоба біткенде бітеді.....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық