16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім)

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі. Атамекен- ата-бабаларымыздың қоныс тепкен жері, асыл мекені. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бұл ұғымдарды айтуымның басты себебі - Тәуелсіздік. Атамекен, Туған жер сөздерін «тәуелсіз» деген ұғымсыз айту мүмкін емес. Тәуелсіз болу- егеменді, байтақ ел болу. Мен Тәуелсіздікті қанатын кеңге жайған қыран құсқа, шапса бәйге бермейтін сәйгүлік тұлпарға, түпсіз тұңғиық терең теңізге, тамырын тереңге жайған алып ағашқа теңеймін. Тәуелсіздіктің бізге......
Шығармалар
Толық

Домбыра

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық.....
Шығармалар
Толық

Қазақстаным мен Елбасым

Қазақстанегемен ел. Қазақстан - ең әдемі мемлекет. Менің елімде үлкен-үлкен ғимараттар өте көп. Атап айтсам, «Бәйтерек», «Ханшатыры», «Бейбітшілік пен келісім сарайы». Қазақстан - әлем таныған дара ел. Елімді әлемге танытқан біздің спорт жеңімпаздарымыз. Олар: Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және т.б.
Бұл жетістіктеріміздің бәрі - Елбасымыздың.....
Шығармалар
Толық

Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қабылдады. Елбасы Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, тұғырлы елтаңбасын көкке көтерген кісі.Тәуелсіздігімізді жариялағанда, тәуелсіздік туын биікке көтерген де тұңғыш Президент. Президент-халық мақтанышы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі заманның көрнекті саясаткері....

Эсселер
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Біздің - Елбасшы)

Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге,
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді


Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» -
деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар....
Шығармалар
Толық

Мен еліммен мақтанамын

Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік....
Шығармалар
Толық

Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ...
Шығармалар
Толық

Домбыра

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.
Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет). Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды...
Шығармалар
Толық

Қамшы

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретінде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң....
Шығармалар
Толық

Туған ауылым

Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!
Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы.....
Шығармалар
Толық