Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

«Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.

Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға....
Шығармалар
Толық

Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық