Құмырсқаның қанағаты

Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен.
Бір күні әлгі данышпан жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолға келгенде, ат шалдырып, демалып отырса, кішкентай бір құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады да алақанына салып тұрып:
– Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық

Ұлар мен қарға

Бір таудың шағыл тасты бөктеріндегі арса-арса жартастың қуысын қара қарға мекендепті. Одан жоғары көгалды жерді ұлар жайлапты. Бұлар көрші болған соң, көпке дейін бір-біріне барыс-келіс жасап жүріпті. Екеуі ұзақ-ұзақ әңгімелеседі екен. Содан соң сөзден-сөз туындап, бір күні екеуі өз артықшылықтарын айтып, мақтана бастайды. Мақтан таласқа ауысады.
Ақыры екеуі кімнің күшті, кімнің әлсіз екенін сынап көрудің амалын ойласады. Сөйтіп, ұлар мен қарға күресіп, күш сынасуға келіседі. Біріне-бірі былай шарт қойысады: жыққаны жығылғанын жеуге тиіс.......
Ертегілер
Толық

Жалқау мысық

Бір үйдің мысығы бейқам өмір сүріпті. Қарны тоқ болған соң, қимылдауға ерініпті. Жалқауланғаны сонша - тіпті тұмсығының астынан жорғалап өтіп бара жатқан тышқанды ұстауға да құлқы соқпапты.
Ақыры тышқан:
– Біздің маубас, – деп, мазақтайтын болыпты.
Бір күні қожасы екі-үш қап бидайды үйіне кіргізіп қойып, өзі сыртқа шығып кетеді. Сол кезде қап толы астыққа тышқандар тұс-тұстан лап қойыпты. Көзді ашып-жұмғанша қаптың тас-талқанын шығарыпты......
Ертегілер
Толық

Сазайын тартқан түлкі

Ылғи да зәбір көре берген соң, орманның бір серісі еді ғой деп, бір топ тауық аюға арыз айта барады да түлкінің зорлығын баяндайды.

– О, аю қария, – депті, жалаң тәжісі желбіреген қораз тауықтар атынан сөйлеп. – Залым түлкі бізге күн көрсететін емес. Одан басқа бізге ешкім де тиіспейді. Сұм түлкі ұрланып келеді де түн ішінде қырып кетеді.

Аю арыз айтқан тауықтарға тесірейе қарап тұрып:

–Түлкі ме? – деп, қайталап сұрайды. Қораз құлшына растайды......
Ертегілер
Толық

Хан мен құмырсқалар

Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмар адам санайды екен.
Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе, біздің аттарымыз таптап өлтіреді!» – деген хабар таратыпты.
Бұл хабарды естіген соң ұсақ жәндіктер індеріне тығылыпты. Ал құмырсқалар болса, әлгі ханды өз ауылдарына бір қондырып, сый-сыяпат көрсетпек болады.
Хан қалың қолмен аңға шығады. Келе жатып, құмырсқалардың жол тосып, топтасып тұрғанын көреді.......
Ертегілер
Толық

Түлкінің айласы

Бір күні тіміскеленіп жүрген түлкінің тұсынан өтіп бара жатқан қасқыр:
– Оу, туысқан, аман-есен жүрсің бе? – деп, әрі қарай кете барыпты.
Түлкі сонда қасқырдың соңынан қарап тұрып: «Бұның маған қалайша іш-бауыры елжірей қалды?... Ал мен болсам оның жай-жапсарын сұраған да жоқпын. Қой, ұят болар. Одан кешірім сұрайын да достасып алайын. Қауқарлы аусар ғой, сенікі жөн, қайтпас қайсарсың деп жүріп, тапқан аң, жемтігін бөлісіп жейін», – деп ойлайды.
Сонан соң тұра жүгіреді де қасқырдың соңынан қуып жетіп:
– Қасеке, сен ренжіме маған, бір ойға шомып кетіп, сені ......
Ертегілер
Толық

Арыстан қасқыр және түлкі

Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты. Кешке дейін жортып жүріп, бір қоян, бір қырғауыл және бір елік ұстап алыпты.
Кеш бата үшеуі тамақтануға отырыпты. Арыстан олжаны қалай бөлісіп жеудің амалын таппастан:
— Мына олжаны сен бөлші, – деп, қасқырға бұйырады.
— Жарайды, – депті қасқыр жалақтап. Сонан кейін жемтіктің қасына отыра қалыпты. Сыбанып жіберіп, бөле бастайды. – Мынау қоян жұдырықтай екен. Мұны тұтам ішекті түлкі жесін. Қырғауыл қылшықты екен, мұны қылғынсам да мен жейін. Тақсыр арыстан, бойың ......
Ертегілер
Толық

Жолбарыс пен қоян

Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты. Зорлықшылдығы сонша - өзіне кездескен аңды тарпа бас салып жей береді екен. Сөйтіп, орман ішін қан қақсатыпты. Содан аң біткен үрейден өлетін халге жетіпті. Ақырында барлық аң бас қосып, кеңес құрыпты.
— Жолбарыс көзі шалған аңды қылғып салып жүр. Тіршілігіміздің берекесі кетті. Соған тыйым салатын бір амал табуымыз керек.
Осылайша ақылдаса келіп, аңдар жолбарысқа елші жіберуді ұйғарысады. Елшілікке кімнің баруы керек екені жөнінде бәрі бір ауыздан:
— Қуа қалса, тасқа шығып кетерсің, тас сенің табаныңа балшықтай жабысады, – деп, тауешкіні жұмсапты.......
Ертегілер
Толық

Есірік торғай

Құстардың патшасы Қыранның жыл сайын көктем кезінде өз бұқарасына арнап салтанатты той өткізетін әдеті екен. Барлық құстарды тағы да көктемде өтетін той салтанатына шақыртады.
Құс атаулы түгел белгіленген уақытта топ-тобымен патшаның ордасына қарай шұбырыпты. Орда қызметкерлері патшаның нұсқауы бойынша құстарды рет-ретімен қаз-қатар отырғызыпты. Құстар да мәз-мейрам боп, көрсетілген орынға жайғасады. Әр топтың басшыларына төрден сыйлы орын ұсынылады.
Елдің соңына ала торғайлар тобы да жетеді. Патша Қыран бұларға да өз орнын ұсынады. Содан кейін салтанатты мереке басталады.
Ойын-сауық думаны қызған кезде торғайлар өз тегіне жататын біреудің босаға түбінде бүрісіп отырғанын көреді. Үстінде іліп алар лыпа жоқ, қып-қызыл шақа. Көзі жыпылықтап, жан-жағына жаутаңдай қарайды. Оған жәрдем беріп, көңілін аулау үшін......
Ертегілер
Толық

Үш аю

Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.
Бір күні түлкіні құйрығынан ұстап жұлқылайды. Екі аю:
– Түлкі бізге тиіскен жоқ қой, қоя бер, – депті.......
Ертегілер
Толық