Экономика | Кәсıпорынның инвестициялық қызметıн бaсқaру

КIРIСПЕ
Кәсiпорындaрдың экономикaлық және қaржылық тұрaқтылығын және әрi қaрaй дaмуын aнықтaйтын шешушi фaкторлaрдың бiрi – бұл оның инвестициялық белсендiлiгi. Қaзaқстaн Республикaсындa нaрықтық қaтынaстaрғa көшкелi берi жүргiзiлген экономикaлық бетбұрыстaр хaлық шaруaшылығының негiзгi буыны болып сaнaлaтын кәсiпорындaрдың құқықтық, қaржылық-экономикaлық және әлеуметтiк жaғдaйын, олaрдың шaруaшылық және aзaмaттық жүйелердегi дәрежесiн aйтaрлықтaй өзгерiстерге ұшырaтты.
Жеке меншiкте, aрaлaс, aкционерлiк меншiкте құрылғaн миллиондaғaн кәсiпорындaр пaйдa болды және қaзiргi тaңдa қызмет етуде, көбею үстiнде, дaму бaрысындa. Осылaрдың бaрлығы кәсiпорындaрдың инвестициялық қызметiн ұйымдaстыру және бaсқaру мехaнизмiнiң өзгеруiне себеп болды.
Кәсiпорындaрдың инвестициялық қызметi олaрдың экономикaлық өсуiнiң, iшкi және сыртқы нaрықтaрдa бәсекелестiкке қaбiлеттi болуының aлғы шaрттaрының бiрi болып тaбылaтындығы сөзсiз.
Кәсiпорындaрдың инвестициялық сaясaты мүмкiн болғaн инвестициялық жобaлaрдың iшiнен өзiнiң стрaтегиялық мaқсaттaрынa сaй нұсқaлaрын тaңдaп aлa бiлумен сипaттaлaды. Сонымен қaтaр, инвестициялық сaясaт жобaлaрды қaржылaндырудың оңтaйлы көздерiн тaртуды, олaрды тиiмдi орнaлaстыруды, нәтжижесiнде инвестициялық тaбыс тaбуды немесе кaпитaл өсiмiн қaмтaмaсыз етуi керек. Сондықтaн дa инвестициялaрды дұрыс бaсқaру қaзiргi тaңдaғы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр.
Диплом жұмысының мaқсaты кәсiпорындaрдың инвестициялық қызметiн бaсқaру негiздерiне сүйене отырып, инвестициялық сипaттaғы тиiмдi шешiмдер қaбылдaудың әдiстерi мен модельдерiн игеру болып тaбылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Айнымалы жұлдыздар үшін информация мен энтропия қатынасын анықтау

Қазіргі кезде физика ғылымында астрофизикалық зерттеулерге көп көңіл бөлінуде. Астрофизикалық объектілерге әртүрлі ықпал етуші факторлардың әсер етуі салдарынан бейсызық физиканың жаңа әдістерімен астрофизикалық объектілерді, оның ішіндегі айнымалы жұлдыздарды, тұмандықтар мен галактикаларды зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Уақыт өте келе жұлдыздарды топтастырумен байланысты қиындықтар көбейеді: айнымалылықтың түрлі типтерінің байланысы анықталған және де бір объектінің бірнеше айнымалылық типіне жатқызу қажеттілігі туындайды, себебі олар әр түрлі физикалық себептермен анықталады.
Жұлдыздардың жарқырау қисықтарындағы ақпаратты қолдану эффективтілік деңгейі мен талдау жасау әдістеріне тәуелді. Жұлдыздардың жарқырау қисықтарынан алынатын сигналдарда алмасу мен хаос болғандықтан, олардың физикалық табиғаты жөніндегі жаңа, қызық ақпаратты олардың зерттеуіне қолданылатын бейсызық физика әдістерінен алуға болады. Сонымен қоса, типі дұрыс анықталмаған айнымалы жұлдыздар да кездесіп жатады. Осындай типтері нақты анықталмаған жұлдыздарды зерттеуде бейсызық физика әдісі қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Сатурнның спектрофотометриялық зерттеуіне арналған аппаратура

Кiрiспе
Ұсынылған жұмыс, инфрақызыл облысты спектріне жақын ( ), планетаның дискі бойынша жарықтылықтың абсолютті спектрлік коэффициентін және фотомерлік сипаттамаларын бақылау негізінде Сатурн атмосферасыныңа аэрозольды ортасы мен газының оптикалық қасиеттерін зерттеуіне арналған.
Жұмыстың өзектілігі. Ғасырлардан ғасырларға Сатурн планетасы бақылаушы астрономдарды қызықтырып жүрді. Бірақ зерттеулердің белсенді жүргізілуі,20 ғасырда ғана басталды. Ғарыштық аппаратармен Айды, Шолпанды, Марсты, Меркурийді бақылауының жақсы дамуы, сол уақытта Жер үстінде және Күн жүйесінде алыс қашықтықтарда орналасқан планеталарды (оның ішінде Сатурн да бар) бақылауға ынталандырды. Ең әуелі ол, ғарыштық аппаратармен алып гиганттарды зерттеу әдісімен және есепті (міндетті) дайындау қажет екендігімен түсіндірілді.
20 ғасырдың ортасында АН КазССР астрофизикалық институтында В.Г.Тейфельдің басқаруымен көрінетін облыс спектрінде Сатурнды бақылау жұмысы жүйелі түрде басталды. Осындай зерттеулер немесе бақылаулар біздің елдің басқа обсерваторияларында және шет елдердің де обсерваторияларында жүргізілді. Фотоэлектрлік спектрометрдің көмегімен Дж.Койпер және В.И.Морозбен диапазонында Сатурнның спектрі алынды. Инфрақызыл облысына жақын ( ) Сатурнның спектрі аз сәулеленетін болып қала берді. 2000 жылға дейін барлық мәліметтер кіргізілген В.Г.Тейфельдің редакциясымен “Алып – планеталардың физикалық сипаттамалары” анықтама – шолуында, осы спектр облысында жұтылу жолағы белгіленбеген. Осы диапазондағы толқын ұзындығы, әртүрлі қарқындылықты метанның айналмалы – тербелмелі жұтылу жолағымен сипатталады және олардың әрқайсысы Сатурн атмосферасында әр түрлі өзгертіліп, бұлтты қабаттың құрылымы туралы мағлұматтарды береді. Осыған байланысты, әртүрлі қарқындылықты жұтылу сызығын өлшеу нәтижесі бойынша,спектрдің ИҚ- облысына жақын ( ) Сатурн дискісінде метанның жұтылуын және планетаның оптикалық параметрлерін салыстыруын зерттеу, үлкен қызығушылық тудырды.
Осы жұмыстың басты мақсаты болып, метанның жұтылуы және онымен көршілес үздіксіз спектр учаскесінде спектрдің ИҚ- облысына жақын ( ) Сатурнның бұлтты жамылғысына қатысты нақты бақылау мәліметтерін алу болды. Фотометрлік мәліметтерді талдауы Сатурнның бұлтты қабаты мен бұлттың жоғарғы қабатындағы атмосферасының кейбір физикалық сипаттамаларын бағалауға мүмкіндік беру керек.
Осы жұмыстың жаңалығы болып, аз зерттелген толқын ұзындығы диапазонында Сатурнның бұлтты жамылғысының спектралды және фотометрлік қасиеттерін мүмкіндігінше толық сипаттайтын, бақылау материалы (мәліметі) алынды. Ерекше құнды 2000 жылғы бақылаулар болды, өйткені, бірінші рет жарығырақ сақина жағынан жер атмосферасында планета дискісінің дұрыс көрінбеуінен тәуеліз, планетаның шын экватор және орталық (центральды) меридианын бойлай метанның жұтылу жолағында жарықтылықтың таралуы (үлестірілуі) алынды. (Осы маусым Жер мен Күнге қатысты сақинаның нөлдік еңкеюімен сипатталады. Ол 15 жылда бір рет кездеседі.). Басқа бақылау маусымдарында (2002,2004,2006-2009 жж.) жұтылудың төрт жолағында және көршілес үздіксіз спектр учаскілерінде (күшті жұтылудан тәуелсіз) орталық (центральды) меридианы мен қарқындылық экваторын бойлаған жарықтылықтың таралуы (үлестірілуі) да зерттелген. Орталық (центральды) меридианын бойлай 8860А метанның жұтылу жолағында жарықтылықтың таралуының бойлық вариациясын зерттеуі жүргізілді. Жер атмосферасынан пайда болатын, дұрыс көрінбеу (кетіру) функциясын ескеріп,атмосфера параметрлерін анықтау әдісі ұсынылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикалық процестерді зерттеудің математикалық әдістері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс физиканы орта мектептерде оқыту барысында қолданатын демонстрациялық бағдарламаларды құрастыруға және оның қолдану әдістемесін жасауға арналған.
Заманауи мектептердің компьютерлермен және интерактивті тақталармен толық қамтылуы мұғалім компьютермен жұмыс істеу жағынан психологиялық және кәсіптік дайын болмаса білім беруді өзгеріске алып келмейді.
Қазіргі уақытта есептеу техникасын физикалық зерттеулерде қолданудан үлкен тәжірибе жинақталған, негізгі физикалық мәселелерді шешудің жалпы әдістемелік жолы жасалған, сондайақ жалпы физикамен және теориялық физикамен қатар заманауи физиканың құрамдас бөлігі болатын физика бойынша білім стандартына кіретін жаңа пән-компьютерлік физика пайда болды деп айтуға болады.
Компьютерлік физиканың негізгі зерттеу әдісі - теориялық базасы ретінде математикалық моделдеу, ал эксперименттік базасы ретінде ЭЕМ қызмет ететін компьютерлік эксперимент болып табылады [2].
Компьютерлік модельдеу теориялық физика, сандық талдау және бағдарламалау пәндерін интеграциялайды.
Бүгінгі күнде физиканы оқытуда көптеген маңызды физикалық құбылыстар мен тәжірибелерді, олардың қиындығына байланысты құралдардың көмегімен демонстрациялық түрде көрсете алмайды. Оларды түсіндіру үшін мұғалімнен үлкен “бейнелеу мүмкіндігін” талап етеді. Міне, сондықтанда осы сияқты күрделі процестерді модельдеу үшін компьютерлік бағдарламалар жасау тенденциясы пайда болды [1-7]. Күрделі демонстрациялың компьютерлік модельдері жасалса, мұғалім бастапқы мәндерді алдын-ала дайындап, материалдарды түсіндіру барысында процестің дамуының мүмкін болар варианттарын және оларға сәйкес графиктерді эксперименттік қондырғының компьютердегі моделінің көмегімен көп уақыт жұмсамай-ақ демонстрациялауға болады.
Бұдан бөлек мұндай бағдарламаларды күрделі деңгейлі әр түрлі қосымша тапсырмасы бар практикумдарда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- демонстрациялық компьютерлік бағдарламаларды жасауға қажетті аналитикалық шешімдерді алу үшін моделі жасалатын физикалық процестерді зерттеу. Сандық әдістер негізінде алгоритмдер құру;
- Алынған шешімдер негізінде демонстрациялық бағдарламалар жасау және лабораториялық жұмыстар құрастыру;
- Құрастырылған лабораториялық жұмыстарды апробациядан өткізу.
Дипломдық жұмыс нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:
Жұмыста алғаш рет:
- “Өзара байланысты екі шаманың сызықтық тәуелдлігін моделдеу”, Серіппелі маятниктің тербелісін моделдеу”, “Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістерді моделдеу”, “Альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибелерін моделдеу” тақырыптары бойынша 11-сыныпқа араналған лабораториялық жұмыстар құрастырылды....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Телескоп және оның түрлері мен құрылысы

Кіріспе
Тянь Шань астрономиялық обсерваториясында ФААФИ ЖШС Carl Zeiss Jena Фирмасы жасаған 1-м телескоптың және куполдың автоматтандыру жүйесі жасалды. Жүйенің барлық түйіндерінің басқарылу жүйесі IBM компьютерімен басқарылады. Телескоп экваториалды координаталар жүйесі бойынша қозғалады. Ал телескоптың трубасы центрге қатысты екі координата бойынша (альфа және дельта) жылжиды. Күмбез азимутальды бағыт бойынша жүреді. Осыдан телескоппен күмбездің қозғалысын синхронизациалау туралы есеп пайда болады, телескоптың трубасы дәлме дәл куполдың тесігіне қараған болу керек.
Келесі күрделі инженерлік жұмыс телескоп пен басқа құрылғыларын сыртқы әсерлерден қорғау жұмысы болды. XX ғ. 70 жылдарында құрылымында астрономиялық құралды сыртқы әсерлерден қорғайтын дәстүрлі күмбезді мұнарасы жоқ көптеген телескоптар шыға бастады. Алайда бұндай шешімде пайдалану кезінде үлкен қиындықтар тууы мүмкін – атмосфералық жауын-шашын, жел, шаң-тозаң телескоптың өзін және оның ішінде орнатылған астрофизикалық құралын қатты зақымдауы мүмкін. Құрылғыларды күннің тікелей жарығындағы ыстықтан және жердің көлеңкесіндегі суық салдарынан тұрақты түрде температураның құбылуынан қорғау және телескопты ерекше дәл бағыттау негізгі талаптарды құрайды. Сол себепті қазіргі уақытта телескоптар зерттеулер кезінде ғана ашылатын ойығы бар жабық сфералық күмбезді павильондарда орналастырылады. Сонымен қатар зерттеулер кезінде күмбездік құрылымға телескоп дүрбісі әрқашан ойықтың бағытында болуы үшін, телескоп пен күмбез синхронды қозғалуы тиіс. Күмбез бен телескоптың орнын синхрондау әртүрлі тәсілдермен, кейде қолмен атқарылады. Бірнеше жылдар бойы астромұнара күмбезінің орнын басқаруы телескопты басқару жүйесінің маңызды кемшілігі болып келді. Күмбезді автоматты басқару астрофизикалық зерттеулерді қашықтықтан орындауда, сонымен бірге зерттеу кезінде уақыт шығынын азайту үшін өте маңызды. Мысалы, жиі бағытты бір денеден екіншіге ауыстырғында, сонымен қоса денелер, фон нүктелері, фотометрлік стандарттар араларында күмбезді қолмен жылжыту көп уақыт алады. Сол себепті күмбезді автоматты синхрондау жүйесін әзірлеу күмбез телескопының астрофизикалық кешенді автоматтандыруда маңызды бөлім болып саналады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Адамның әлеуметтік болмысы: жағдайы. қажеттілігі. сезімі мәселесі

КІРІСПЕ
Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және
психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті.
Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж.
Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның “ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам – жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін.
Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде шешіледі.
Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім, өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады. Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі – ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес – философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының, жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді.
Зерттеу жұмысының деңгейі. Біздің ғасырымызда Бенедикт Спинозаның этикалық концепциясын қарастырып көңіл бөлген қазақ философтарының ішінде Сарымсақов Амангелдіні атап кетуге болады. Ал ресейлік ғалымдардың ішінде Спинозаның концепциясына аса көңіл бөліп, сол туралы көптеген еңбектер жазған В.В. Соколовты ерекше көрсету керек. Ол Спинозаның субстанция-Құдайын, оның атрибуттары мен модустарын толық зерттеп, этикалық проблематиканы қарастыруға тырысқанын көрсетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Діншілдік дүниетанымының деңгейі

Кіріспе
Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.
Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді.
Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді.
Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.
Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан жеріндегі «Діншілдік дүниетанымның деңгейін» анықтау. Оларға социологиялық талдау жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі Оңтүстік Қазақстан тұрғындары. Соның ішінде көпшілігі жастар мен орта жастағылар болып отыр.
І Бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер.
Діннің қоғам интеграциясы ретіндегі социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбек Дюргеймге тиісті. «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол дінің пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Ең бастысы – діни феноменнің қызметі мен құрылымын анықтаудың мәселесін жетілдіреді. Радикалды сындарға қарағанда ол діннен «сиқырды», «жалған сананы» емес, адамның әлеуметтік аспектіде өмір-сүруі негізімен үздіксіз байланысты институтты көреді. Дін Дюргеймнің түсінігінде адамдардың әртүрлі іс-әрекетінде ұстанатын әулие заттарды бөлуге негізделген. Адамдардың қасиетті заттарға деген қарым-қатынасы функционалды анықталған. Дін қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен іс-әрекеттердің зайырлы жүйесі; осы сенімдер мен әрекеттер сол сенімді ұстанатындардың «моральдық қауымдастықтығын» құрайды. Дін – адамдардың ерекше үлгімен ұйымдасқан әлеуметтік іс-әрекеттері, яғни индивидтің емес, белгілі –бір топтың жатуы.
Осылайша егер біз қасиетті заттарға бағытталған сенімдер мен әрекеттердің мәнін түсінгіміз келсе, сол сенімдерді ұстанатындарға жүгінуіміз керек. Діни өмірдің қайнар көзі – адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсіл. Әлем туралы ойлайтын индивид бар болған соң емес, қоғам өмір сүргендіктен дін де өмір сүреді. Австриялық аборигеннің қоғамдық өмірін, яғни жалған қоғамды айтқысы келе отырып, Дюргейм қарапайым индивидтер саннасына қарағанда, қоғам әлдеқайда бай және күрделі өмір сүреді. Дінді ұстанушы жеке емес, «топтардың ұжымдық санасы», әлеуметтік сана болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Еркіндік құндылық ретінде

Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
"Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық