Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ

20 ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты немесе көп жақты қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағаныңың куәсі болып отырмыз. Бұл процестер сыртқы сауданың тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономиканың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаныңанкөрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қөзғалыс, құбылыстарға толы процестер.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ", "қара" деп жіктеп, оған "капитализм", " социализм" сияқты атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антоғанизмдерде келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудын қазіргі кезені сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындыктар мен қайшылықтар жеткілікті болатыныңа қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың ал аухатын көтеруге үміт сенімін ұлғайтумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономиқамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республиқамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.
Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да көп өзгерістер болды. Социалистік мемлекеттер блогы ыдырап, сонымен бірге ССРО-ның әскери күшімен саяси- экономикалық қолдауымен өмір сүрген "әлемдік социалистік шаруашылық жүйесі" де өмір сүруін тоқтатты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының халықаралық сауда

Кіріспе.
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы

Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
Қазақстанда қайта құру басы деп аталған ашық экономиканы құру бағыты ең алдымен Батыспен тауарлы экономикалық қатынастарды, ол жақтан экономиканы модернизациялау үшін технология, несие, экспорттық тауарлар-шикізат-отын ресурстары ғана емес, сонымен қатар өнім өңдеу саласы соның ішінде ғылымды қажет ететін салаларға инвестицияларды алу болжалды. Бұл мақсат Қазақстанның сыртқы саясатын құру процесі барысында басты болды, яғни орталықсыздандыру және либеризациялау , саясаттық және институтционалды қамту болып табылады. Осы кезекте әлемшаруашылық қатынастардың жаңа глобалды құрылымын құру процесі, ол негізінен “уругвайлық” раундтық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) халықаралық саудада жалғасын тауып және тез дамуда. Қазақстанның осы процестен абстрактіленуі онсыз да қиын жағдайды қиындатуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан

Әлемдік шарушылықтың түпнегізі – бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері.Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен кедендік базасы халықаралық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш ұйымға қайткен күнде де кіру керек.
Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және маркетинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мемлекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келгенде, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жасауына орасан зор мүмкіндіктер береді. 2002 жылдың 31 қаңтарына дейін аталмыш ұйыммен 162 аймақтық әріптестік шарт жасалған екен. Оның саны жылдан жылға артпаса, кемімейтіні де белгілі болып отыр. Өз кезегінде ТМД-ның бірқатар елдері сияқты Қазақстан да осы ұйымға мүше болуды мақсат етіп отырғанын айта кету керек.
Отандық өнім өндірушілердің тауарлары әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар «баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады» дейді. Бұл нені білдіреді? Яғни, бір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауыл шаруашылық және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.
Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай сыртқы сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлттық экономиканы дамыту үшін мыналарды орындау керек дейді:
* сауда балансын сақтау: шеттен тауар әкелгенше, керісінше, сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем ретінде көбейту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Теңге күн санап құлдырап жатыр

Бұл апта да Ұлттық валютамыз үшін сәтсіз басталды. Ол KASE-дегі сауда-саттықта долларға қатысты тағы 1 теңгеге арзандап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасына сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты

Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.
Жаңалықтар
Толық

Ұлттық валюта әлсіреді

KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта долларына 328,12 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен күннің екі сессиясының қорытындысында бір доллардың құны 327,86 теңге еді.
Жаңалықтар
Толық