Қаржы | Салықтан жалтару мәселелері

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары

Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ

Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.
Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан Республикасындағы қосымша құн салығын есептеу мен салу мәселесіне арналған. Осы еңбек мазмұнында салық түсінігі мен түрлері, салықтық құқықтық қатынастар, қосылған құн салығын есептеу мен салу ерекшеліктері, қосылған құн салығын салудағы дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жағдайында қосылған құн салығын есептеу тетігін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды. Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне қатысты әдебиеттер де көп, бірқатар тәжірибе де жинақталған. Алайда, Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән жайлары

Дипломдық жұмыс өзекті және қызықты тақырыптардың біріне арналған. Жалпы мазмұны Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі мен салықтық құқығының процестері, мән-жайлары, принциптері мен құрылымдары, салық әкімшілігін жүргізу аясында экономикалық-қаржылық мүдделер балансы және т.б. өзекті тұстары мүлдем жаңа , яғни әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мен құқықтық –демократиялық мемлекет тұрғысынан қарастылып, негізгі мәселері мен проблемалары ашылып көрсетілген, сондай-ақ әрбір институттар бойынша ғылыми тұжырымдамалар берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық Кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170–тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар » деп айта кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жанама салықтың бір түрі ретінде акциздердің маңызды фискальды мәні анықталған. Акциздер алғаш рет Ежелгі Римде пайда болған, ал Қазақстанда 1992 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі уақытта акциздерге жалпы салық саясатының құрамдас бөлігі ретінде үлкен көңіл аударылуда. Қазақстан Республикасында акциздік төлемдер бюджеттің едәуір қаржы түсімдерін құрайды. Акциздер бойынша түсімдер акциздік тауарлар өндірісінің көлеміне тікелей тәуелді. Үкімет акциздік ставкалар мен салым салынатын айналымдар тізімін тәртіптік түрде реттейді. Жалпы салық мемлекеттік кірістерді құрудың бір көзі. Оның қажет екенін саяси экономикалық классиктері мен олардың ізбасарлары (А.Смит, Д. Рикардо, Н.Озеров, Р. Лемиман және т.б. ) дәлелдеді. «Салықтар – мемлекеттік қызметі үшін төлемдер» теориясына сәйкес олар мемлекеттік саяси, экономикалық қызметіндегі шығындардың орнын толтыру деп қаралды.,....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң 28 ақпан 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң 10 жылдық экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкіндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Казақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.
Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң құрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық