Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сабақ тақырыбы: Сурет салу-өнер «Бәрібір өкінбеймін» Марат Қабанбай Оқу мақсаттары: 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды Көпшілік оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем» Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау. Берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.Менің Қазақстаным Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу Сабақ мақсаттары: Дереккөздермен жұмыс істеуді үйрету. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты таба,берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салуды біледі......
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.....
Жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады. Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем. Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы. Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.
Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз. Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат. Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері. Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз: Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым. Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты. Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар. Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.....
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр. Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір. Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы, заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді. ....
«Жұмсалу мүмкіндігі» тіркесін жиі қолдануымыздың мәні мынада: бұл термин функционалды грамматика аясында жиі қолданылады. Онда тілдік құралдың жұмсалу ауқымы, жұмсалу мүмкіндігі, жұмсалудың нәтижесі болатындығы айтылады. Осы ерекшеліктер тұрғысынан функция (семантикалық) ұғымын екі түрлі қатынаста алып қарастыруға болады. Бұл қатынасты нақтылап аспект, бағыт түрінде түсіндіреміз. Олар: потенциалдық және нәтижелік. Жалпы функция дегеніміз – қандай да бір тіл бірлігінің сөйлеудегі атқаратын қызметі, тиесілі жүгі, мақсаттық қолданысы. «Потенциалдық аспектіден функция (Фп) дегеніміз – тіл жүйесіндегі тіл бірлігінің белгілі бір семантикалық қызметті орындау қабілеті және соған сәйкес жұмсалымдық қоры. Нәтижелік аспектіден функция (Фн) дегеніміз – тіл бірлігінің тілдік ортамен өзара арақатынастағы жұмсалымдық нәтижесі, яғни айтылуға тиісті ойдың (мақсаттың) сөйлеуде жүзеге асуы» , - дейді осы мәселеге қалам тартып жүрген ғалым А.Жаңабекова. Осыған байланысты есімшелердің есімдер сияқты жұмсалуының сыры есімше тұлғаларының функциялық жұрнақ болуымен қатар сөзжасамдық жұрнақ болып та қызмет атқаратын қасиетінен емес пе екен деген ой туындайды. Бұған бірнеше дәлелдер келтіруге болады. Біріншіден, тілімізде етістік негізді туынды сын есімдер бар. Олардың барлығы сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, көргіш, бақырауық, озық, оқтаушы, шашыраңқы, түрме, ұнамды, мақтаншақ, жылауық, жасамыс, білгір және т.б. Бұл жұрнақтар жөнінде арнайы диссертация да қорғалды Осындағы келтірілген етістіктен туынды сын есім туғызатын жұрнақтардың кейбіреуімен есімше тұлғалары кейде синонимдес келіп отырады. Мысалы, -ғақ, -гек, -қақ, кек жұрнақтарымен есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен қосымшалары мағыналас келеді. Салыстырыңыз: қашқақ-қашаған, жүргек-жүреген, бергек-береген сондай-ақ кейде -қар, -кер жұрнақтарымен де мәндес келеді: өткір-өтеген, тыпқыр-табаған, алғыр-алаған және т.б. Б.Қ.Омар -аған -еген жұрнағын етістіктен сын есім тудыратын өнімсіз қосымшаға жатқызады Бұл жұрнақ қимылдың қайталануын білдіреді. Құрамындағы -а қимылдың көп және тез қайталануын білдірсе, -ған, -ген есімшесінің жұрнағы болып есептеледі. Онымен синонимдес келетін -ған, ген, -қан, -кен қосымшалары Н.А.Баскаков, А.Гулямов, В.В.Решетов, Н.А.Кононов, В.Н.Насилов еңбектерінде талданып, оның да мағынасы қимылдың қайталануымен байланысты көрсетілген. Б.Омардың айтуынша -аған, -еген қосымшасының мағынасы қимылдың қайталануымен қимылдың орындалуының тездігін білдіретін мағына оғыз, қарлұқ, қыпшақ тобындағы тілдерде кездесетіні және -қын, -кін қосымшасымен мағыналарының жақындығын, арғы тегі өткен шақты білдіретін -он, -ен формалары екенін айтқан ғалымдар бар екен . ....