Айыр қалпақ Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.
Сеукеле Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Ішік Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.
Кебіс месі Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Жарғақ шалбар Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Шапан қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.
Тақия Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады. Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр. ....
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған. Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады. Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан Республикасында емдеу профилактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады. ....
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. «Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз. Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз? Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн. «Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы. «Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді. Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»: -ең жақсы үйлесімді тәртіп; -иммунитетті және денені шынықтыру; -дұрыс тамақтану; -орнықты өмір сүру әдеті ; -зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»); -жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді. Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи бар. Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз. Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін болды. Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен орын алуда. Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты. ....
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы.Адамзат факторының қоғам өміріне барлық саласындағы алатын орны маңызды.Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор. Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары,зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,оның құрамы,таралып орналасуы мен ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.Бұл мәселені демография және этнография ғылымдары да зерттейді.Осы ғалымдар негізінде географияның зерттейтін шептес саласы «демогеография» мен «этногеография» пайда болды.Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан,оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады.Маман-географтар үшін халықтың құрамын,оның ұдайы өсуін,олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы,еңбек ресурстарының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды.Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысындаәрбір халықтың этникалық тобының материалдық және рухани-мәдени жақтары,әдет-ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады. ....
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру...
Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін: Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде. -дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек. Елдермен тенесеміз деп жүріп, басқа елдің салтың жұқтырып жатқанымызды сезбейміз-ау сірә, бұған қатысты шаралар қолданылып жатпаған соң. Өзге елдің салтың деймін-ау, олардың көздерін бітеп, саналарын улаған ауру......
Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер” атты тәрбиешілер сайысына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Жүріңіздер тамашаға басып аяқ, Қалыс қадам болмасын мекен - саяқ. Ән шырқап би билейтін қауым болып, Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. .....